... Бір – ақ қадам
Бір-ақ қадам, құшағыңа құлай кетем,
Сене бер, сені мәңгі сүйіп өтем.
Бір – ақ адым, сәл ғана күте тұр,
Құшақ жайып, бағыма алып кетем.
Бір – ақ қадам, күлкіңді ұрлап кетем,
Сағымдай сардалаңнан ұшып өтем.
Бір – ақ адым, жаныңның жылуын,
Жаураған жүрегіме беріп кетем.
Бір – ақ қадам, мен саған ұшып жетем,
Қанатыма қысып алып, алыс кетем.
Оралмаспын қайтадан сенсіз жерге,
Сүйем сені, өзіммен ала кетем.
Бір – ақ қадам, жаныңа сенің жақындауға,
Сені сүйіп маңдайыңнан жалындауға.
Бір – ақ қадам, сәл қалды, бір – ақ адым,
Махаббаттың жұмағын аралауға.