Бойдақтық қанға сіңіп қалмассын...

Бойдақтық қанға сіңіп қалмассын...
жеке
блог

 

Жастар,яғни қазіргі ұрпақ, келешегіміздің болашағы.Жаспыз, әлі ерте, үлгереміз деп жігіттер  30-дан асып кеткендерін қозы қарын арқылы сезіліп қалып жатады.Не себеп? Не үшін? Үйленгілері келмейтін өздерінің сол баяғы принциптері мен кескін-келбеті, қаржылай бай болуы деп мына жақта қыздар талаптарымен жігіттерді шошытып қояды.

  Менің ойымша бұл жай ғана көп сылтаулардың бірі.Мінсіз адам болмайды.Әр жігіт, әр қыз өзіне деген бағаны тым жоғары деңгейде ұстайды.Содан өз кемшілігін ұмытып, басқалардың түзеуге, тергеуге тырысады.Сондықтан өзіне идиал іздеп жүргендерге айтарым бағалаңдар барыңды.

Солай бойдақтарымыз жүргенде, елдің демографиясы қайда қалмақ? К.Ахметованың өлең жолдарында 1+1 қосқанда не болады?

Онда өмірде бойдақтар жоғалады.

Қыздар, жігіттер бойдақтық келешекке ауру болып қалып, қанымызда сіңіп қалмассын.Ұлттың жағдайын, халқымыздың көбейуіне ат салысып, естен шығармайық.

‘’Ниеттің қандай болса, татқаның сондай болады” қандай жағдай болмасын әр адамның өзіне байланысты....