Соңғы уақытта, әлеуметтік желіге әлдебір сылқым-сұлудың суретін жүктеп, өздерін басы бос бойжеткен ретінде таныстырып, қалталы бойдақ жігіттерді қармағына іліктіретін алаяқтар пайда болыпты.
Олар бойдақ жігіттерге «сіз маған ұнап қалдыңыз», «сіз өте сымбатты екенсіз» деген секілді хат жолдап, соңынан кездесуге шақыратын көрінеді. Алаяқтар жігітке кешке киноға немесе театрға баруды ұсынады. Сонан соң билет сатып алатын сілтемені жібереді. Ештеңеден күдіктенбеген жігіт сілтеме арқылы өтіп, билет сатып алу үшін төлем картасының деректерін енгізеді. Сол сәтте, алаяқтар, төлем картасындағы бар ақшаны сыпырып алады.
Сонан соң «сұлулар» әлеуметтік желідегі деректерді өшіріп ғайып болады. Ал, сұлумен кеш өткізбек болған жігіт жер сипап қала береді.
Қалдар Көмекбаев
Сурет: pixabay.com