Бойдақ дүр жігіттер жайлы
блог
Бұл фәниде ақ түс бар жерде қара түске де орын табылады. Жақсыжігітке жаман қыз жолықса, инабатты қызға, сайқал жігіт кезігеді. Бұл заңдылық. Бұлардың кемшіліктерін айта берсек араларындағы алып бөгеттің соңына жетпеспіз. Айтпағым, әрбір затқа, құбылысқа қарама-қарсылықтары дайын тұрады. Алысқа ұзамай кәрі қыздардың қатарын толтырайын деп жүрген үйленбеген «дүр жігіттер» жайлы тақырыпты қозғасақ.
Дүр жігіттер — 30 бен 40 жасқа толып қалған ағаларды (еркектерді) атайды. Біздің нысанамыз —бойдақтар! Көбіне жылы ошаққа үйреніп, анасының қанатынан шықпаған, дайын дүниеге үйреніп қалғандар. Олардың өзге еркектерден айқын бір ерекшелігі
1.Анасының ботақаны. Бұндай жігіттерді кішкентай балалардан түрі мен жасы ғана бөлектеніп тұралы. Қалған істері, қылықтары «Мам, мен бүгін кездесуге барайыншы?!», «Мам, тамақ дайын болды ма?», «Көйлегімді жуып қойдың ба?» және т. б. қарапайым ұсақ-түйекке дейін сұрап шығады. Ананы тыңдаған, құрметтеген дұрыс, бірақ өз-өзіне есеп бере алмаса жігіт болғанынан не пайда? қарынның қомпиюы. Яғни,жастардың тілімен айтқанда «авторитеттерінің мықты» болуы. Бұл дұрыс па? Әлде бұрыс па? Санамызға үйленбеген сіріңкедей жігіт, кейін тығыршықтай болуы қалыпты жағдайға айналғандай. Сондай жағдайда "әйел алғаны жағыпты" дейміз де кете береміз. Қоғамда бойдақ дүр жігіттердің көбеюіне не себеп болды?
2. Үйде отырып қалғандар.Кәрі қыздар секілді төрт қабырғадан адым баспайтын жігіттеріміз де кездеседі. Көбіне ойын құмарлыққа салынған. Олардың жары ойын приставкалары болмақ. Ондай жігіттер ашушаң, жүйке жүйесі тез сыр береді. Желіде «онлайн» өмірде «оффлайн» бола қалады.
3.Талғампаз бойдақтар немесе қыздан жамандар. Өздеріне тым көп назар бөлуі. Қыздар сияқты айнаның алдында сағаттап тұрып, сақал-мұртына дейін түп-түбімен қопарып шығады. Оларды алыстан тануға болады. Тұрыстары мен киім киістері өзгешеленіп, шаш қою үлгісі мен жұлынған қастары көзге шоқтай түседі. Бірақ қыздарға сырлас бола білгенмен, жолдас бола алмайды. Өздерін патшадай көріп, лайықты қызды іздеумен әлек.
4.Жүрістері көп жігіттер. Талай қыздардың көз жастарына қалғандарды айтамыз. Оларға бір қызбен жүру көңілдерін қанағаттандырмайды. Бір күн біреуімен, келесі күні екіншісімен қыдырғанға үйреніп қалғандар. Қасындағы жалғыз аққуын бағаламай, өзге тауықтарға көз салады. (Маша қыз негізі дұрыс айтады;))
5. Жұмысбастылар. Заман түлкі болса, тазы боп шал демекші бүгінде билікке құмар азаматтарымыз жетерлік. Олардың бар базары мен назары жұмысқа бейімделген. Тік жолдан бір қадам аттамайды. Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге келуге үйреніп қалғандар. Қыдыруға мүлдем уақыт таппайтындар. Әр уақытта тек ақша табуды көздейді.
P.S.: Сонымен, қоғамда ұсақталып бара жатқан ер жігіттеріміздің қылықтары күннен-күнге жаға ұстатарлық жағдайға жеткізуде. Ілияс Есенберлиннің "Ғашықтар" романнында «жүзігі бар болса Сүлеймен, жүзігі жоқтар сүмірейген» деген үзіндісі еріксіз еске түсуде. Қалай дегенменде жалғыздық тек құдайға ғана жарасқан. Оны да бір ескеріп кетейік.( Тым қатты асырып жіберсем, айып етпеңіздер)