Бөтен күздегі - бөтен қыз
блог
Қалай десеңіз де, барлық адам өз атына айтылған жылы сөзді ұнататыны рас, ұнатпайтыны өтірік!!!Джеймс мырза дұрыс айтқан «Адамдар өз қадіріне, қасиетіне орай бағалануға ұмтылып тұрады»!Бірақ,Сізге шабуыл жасаған жаудан емес, жағымпаздан қорқыңыз! Мен туралы кім не десе де,не ойласа да шаруам жоқ, мен оларды тіпті де ойламаймын!
Ертеректе әр сөздің жаныма жара салатыны, жалпы жағдаяттарға жеке түсінігіммен ғана баға беретіндігім жастанған жастығымды жасқа малатын! Мүмкін, мектебім маңдайымнан қақпағандықтан, сыныбымның еркесі болып сыршыл жүрекпен жүрген күндерімді өмірлік қағида дедім бе, Алматыда, Өнер академиясында өзіммен күрескен, өзімді қалыптастырған, өзімнен қасқыр жасаған күндерім өтіпті ғой...
Сол күні.... Шеберханамыздың жетекшісі сөзіме күлген топтың алдында көздерім жасқа толып, жылап жібергенімде біраз өксігімнің басылғанын күтті. Ықылас үлкен жігіт жасында еді, қыздың жылағынына жаны шыдамайды екен: «Кешірші!Шайтан күлкі азғырды! Кешірші» деген жұбату сөздеріне ағай тыйым салды. Көңілім босап, Арқаны сағынып еселенген жасыма шықылықтап күліп екі қыз отырды...Намысымды қолдан беремін бе, басымды көтеріп мен де оларға қарап күліп жібердім! Олар түсінбей қалды! Дәл осы күні ауылдың аңқау Назеркесіне ұстазы былай деген еді: Күресіп кісі жыққан балуан емес,бірақ ыза,өксік пен ашу кернеген сәттерде, өзіне-өзі ие бола алған кісі балуан!Бақытты тек жүректе ұстама,ал ашуды тыға біл,өздігінен жоя біл,көңілді адам-ажарлы адам!Әзілде кек жоқ,өсекте шек жоқ! Кино әлеміне жылайтының бар, бұл жолға жарар деп таңдағаным қателігім болмаса керек,бұл жолда ең алдымен қасқыр болуың керек, берілмеуің керек, босамауың керек!Сен күлгеніңмен нәркес көрінесің! Ал, жылағаның жанымды ауыртты! Қателескенім бе?- деп есікті жауып шығып кеткен еді.
Жанымда жақын да, жақсы да жоқ жол бойымен жалғыз жүрегімдегі арманыммен жылап бара жатқанмын! Ешкімнің шатағы жоқ. Неге жылап барасың? Не болды? деп сұрамайды екен ғой...Қайран,Қарқаралым деп көкірегім күйген күннен арада міне бес жыл өтті...
Өзін ойлайтындар,өзгені қорлайтындар мен жүрекке үңіле білмейтіндер,зияны даяр тұратындар,қырсық,қиқар қылықтылардан жиреніп жүргенім де,ерегіске,тіреске намысымды қайрап,артқа қарасам олар әлі сол жасқа малынған жүрекке шықылықтап күлген жерлерінде отыр! Оларға қарап тағыда жанарыма аяныштан жас келеді! «Ақжүніс»журналына сұхбат алуға келген журналисттің сұрақтары ойландырды, менің сондағы «Жауларымды да жақсы көремін»деген сөзім сұхбаттың тақырыбы ретінде алыныпты! Шүкір,ал ұстазым екеуіміз бүгінде әріптеспіз! Қолыма қызыл дипломымды тапсырып тұрып ұстаз рахметін айтты. Ол қысқа қайырымды да мен тереңнен түсіндім...
Шын мәнінде, Сізге,ҰСТАЗ,Сізге рахмет айтуым керек еді! Көздегі жас пен дауысымдағы дірілді жасыру үшін,жымиып қана қойдым!Мүмкін,ең үлкен алғысым ағатайым үшін осы болар!
Менің қуанышымды бөліскендер туғандар,тілекшілер Баршаңның жандарың жылы жүрсе екен!!!
Ал,мен міндетті түрде,күліп жүремін!Бұл жауың шыдай алмайтын сәт!Менің күлкім- Олардың ұсақ,ұзақ былықтары мен өсекке аралас өтіріктеріне жауап!
Енді тек жол жиегінде сенімді қадам,қайратты көзқарас,нық сөз бен әсем қайырмалы әнін шырқап,билей жүрген қыз жүріп барады!Оны бақытты деп ойлайтындар көп...
P.S. Кешкілік қарсы жолымда жанымнан жылап кішкентай қыз өтіп бара жатты! Бұл – Алматы! Танымайтын адамды тоқтата алмадым! Жооо-жооқ, мен сені танимын! Айта алмадым! Мүмкін,осы хатты оқырсыз....
Кешіріңізші....