"Бота" қоры гранттар таратады!

Өткен аптада біздің университетке «Бота» қорынан спикерлер келіп, презентация жасап кетті. Қорда жұмыс істейтін қызметкерлердің сөзіне сенсек, фондтың басты миссиясы: "Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл — ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту".

Білім гранттары төмендегі студенттерге беріледі:
— Қазақстанның жоғары оқу орындарының соңғы немесе соңғы курстың алдыңғы курсында оқитын үлгерімі жақсы, бірақ оқуын төлуге қаржылық қаражаты жоқ студенттері (оқудың күндізгі бөлімі, бакалавриат);
— Қазақстанның жоғары оқу орындарының соңғы немесе соңғы курстың алдыңғы курсында оқитын үлгерімі жақсы, бірақ 2010 немесе 2011 жж. қаржылық себептер бойынша оқудан шығарылған студенттері (оқудың күндізгі бөлімі, бакалавриат);
— Оқу мерзімі екі жылдық колледждерге алғаш рет түсетін немесе бұрын түспеген орта мектептің түлектері және 11-сынып оқушылары.

Егер де жоғарыдағы критерийлерге сәйкес келетін туған — туыс, таныстарыңыз болса, осы жайлы оларды хабардар еткеніңіз абзал. Өйткені, ең болмаса бір қазақ баласы грантқа иеленіп жатса, ол ата — ана мен студент үшін қуаныш пен материалдық көмек. Айта кетерлік, фонд материалдық жағдайы өте нашар студеттерге көмектеседі.

Бұл қор жайлы толық ақпаратты www.bota.kz сайтынан ала аласыз. Сонымен қатар, анкетаны тапсыру мерзімі 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін. Заявка беру басталып кетті (20 ақпан күні), сол себепті тездетіңіздер, себебі эссе де жазу керек.

Фондтың "Әлеуметтік қызметтерді қолдау", «Келісілген ақшалай жәрдемақылар» атты бағдарламалары тағы бар.



Бөлісу: