... Әне, алдымызда Мұхтардың туған жері Бөрлі тауы тұр. Біраз кідіріп, ұлы тауға тағзым етіп өтелік. Бұл өңір қазір Мұхтар Әуезов атындағы совхозға карайды. Біз келген Бөрлінің II-фермасының совхоз орталығы. Совхоздың жұмыскер-қызметкерлерінің бәрінің үйінде телевизор бар. Олар Москва мен Алматыны күн сайын көріп отырады. Мұқанның өз үйі де осында. Бұл жерге қыстауды Мұқаң өзi он алты жасқа толғаннан кейiн салдырған. Ол кезде ағасы Касымбек келіп, жеке тұра алмайды да, қолына немере ағасы Разақты алады. Осы үйде үйленіп, екі бала көрген. Райханнан туған тұңғыш баласы Мұғлима, екiншi баласы Шоқан. Шоқан - eкi жаска жетпей өліпті. Тұңғыш баласының атын атасы Әуез қойыпты да, екінші баласының есімін Шоқан қойған Мұқанның өзі екен. Сол үйiн жөнделген күйінде көріп тұрсыз. Ал қарсысындағы үй Мұқанның атасы Әуез бен әжесі Дінәсіл тұрған қадірлі мекен. Мұқан жас кезінде әжесі Дінәсіл мен атасы Әуездің тәрбиесінде болған. Мұхтар ағаның тікелей араласуымен салынған бұл үйді жазушының 1977-жылы 80 жаска толуы қарсаңында мұражайға айналдырғандыктан, бұрынғы өз қалпын сақтай отырып жөндеуден өткізді. Қыстаудың ерте күннің өзінде-ак дөң үстінде тұрғандығы көрінеді. Біз ең алдымен үй бөлмелерiнiң орналасу тәртібіне токталалық. Ол кезде де үй шатырсыз болған. Бiрақ бөлмелерi мен іргесін ауыстыруға өзгерістер жасалған жоқ. Қыстау салынған кезде екi есiк болған. Оның бiрi шығыс жағасындағысы. Бұл күндер бұл есік мұражайға келіп-кетушілердің жүріс-тұрыстарын тәртіпке келтіру мақсатында жауып тасталынып, батыс жақтағы екiншi есіктен жұртты қабылдауды орынды санағанын көреміз.
Есіктен кірген бетте алдымыздан кең бодам (коридор) кездеседі. Бұл бодам бөлмелердің бар есіктерін өз қабырғасынан шығарып, үйлердің өн бойына тұтас тартылган. Кiрген бетте сол жағымызда тошала орналасқан. Бұл өңірдегі үй тошалаларының бәріндегі сиякты мұнда төбесі шатырланып, биік етіп жасалған. Тошалада тар макты төрт адал бақан сүрленетін еттерді ілуге әдейі орнатылған. Ортадагы ошакка тай казан асылып, сыйлы қонақтар шақырылса тамақ асылып, басқа уақыттарда ыс салып еттерді қақтайтын болған. Тошаланың төбесі ашык, кейде қақталған еттерді желдетіп алу үшін, жабылмай тұрады. Әсіресе, жазғытұрым мен соғым сойылған кезде тошаланың сой атқаратын қызметіне өлшеу жоқ.
Мұхтар ағаның анасы Нұржамалдың ауылдасы, әрі сырласы болган Құндызды жеріндегі Бибіш әже: "Дiнәсіл бәйбіше келін баласын баптылық пен тазалыкка ерекше үйретті", - дейді, - Нұржамалдай казыны дәмді етіп жасайтын әйелді бауыр елінен сирек кездестіретінбіз.
Сол Нұржамал анамыздың бапталған қазы мен қарталары осы тошаладан шыққанын талай әжелерден естуiме маған да тура келіп жүрді. Кiрген бетте ерекше көзге түсетін ак мәрмәрдан жасалган Мұхтар ағаның мүсіні тур. Бұл мүсiндi ауылдасы Жанболатов Мұрат жасаган еді. Өнерлі жігіттің мүсіні келушілердің назарын бірден өзіне тартпай коймайды. Ендi бiз сол жақтагы есiктен ішке еніп көрелік. Бұл үлкен бөлменің ортасын Әуез ақсақалдың тiрi кезінде қабырға пеш бөліп тұратын. Төргiсiнде Әуез ақсақал Сақыш әжеймен мекен-жай тауып, ауызғы бөлмесінде Нұржамал шешей орналасыпты. Кейінгі кезде музейге айналдырылғандыктан, қабырға пеш алынып тасталған. Мұның iшiне қойылған заттар мен қабырғалардағы жасалган суреттер сол замандағы ел өмiрiмен тығыз байланысты. Мұхтар ағанын жастык шағын бейнелейтін көптеген көріністер жазушының өз шығармаларындағы оқиға желiсiнiң де тарауларын қамтиды.
1917-жылғы Ойқұдықта қойылган "Еңлік-Кебек" пьесасының киiз үйдегі сахна керiнiстерi де ерекше бейнеленген. Өзі кебеженің тасасында отырып, кейіпкерлердің ұмытып бара жатқан сөздерін айтып отырған Мұхтар атаның өзін де көргендей сезімге бөленесің. Беттестіріліп тігілген үйлердегі адам дауыстары да естілгендей. Еңлік боп ойнаган жігіт Ахмет пен Кебек болган Ақкенженiң жүрiс-тұрыстарын таң-тамаша еткен көрушi дауыстары да құлағыңа келеді. Көтек, қыз дегенi жiriт кой! Жылқының құйрығынан бұрым тағыпты! Кебекке майысуын қара!- деген дауыстар өмірі мұндай ойынды көрмеген қауымды у-шуға бөлегенін де үлкендер еске алмай қойған емес. Сол күнгi ойынға қатысқан Шәкәрім сахнадағы сөздерді естіртпей, шуылдай бастаган жұртты тиыштандыруға:
- Жұртым-ау, не болды сіздерге, кешегi өткен көп шуылдактардың жастарымызды қандай күйге ұшыратканын танып бiлсендерші. Жақсылықтан безбелiк, агайындар!- деген сөзі мына мұражай қабырғаларына сiңiп тұрғандай күңірентетін тәрізді. Қайтадан ұзын бодамга шығалық. Екiншi есіктен ішке кірелік. Ерсілі-қарсылы бұл үш бөлме Мұхтар ағаның отауы атанған мекен жай. Орталык бөлме - күндiз отыруға және тамак ішуге қолайланган. Пештiң аузы қабырғаны тecin сыртқа шығарылып от бодамнан жағылған. Шешесінің тiрi кезiнде тамақ бiр жерден iшiлгендіктен, отау үйдiң бар шаруасы үлкен үйге байланысты болып, құрбылары келгенде ғана жастар бөлмесінде дастарқан жайылады екен. Атасы Әуез Мұхтарга Кәкеннiң кызы Райханды өзі алып бергеннен кейін келiнi осы үш бөлмеде тұрып, Мұғлима мен Шоандай балалы болғаны мәлім.
Кейініректе "Оқыған азамат" туғандығы жазылған "Қаралы cұлy", "Жетiм" әңгiмелері де осы Бөрлі өңіріне көргендерi дen айтушы едi. Ұзақ түндерді кітап оқумен өткізетін Мұқан кейде сыртқа киініп шығып кетіп, сәлден соң ғана қайта оралатынын Райхан жеңгей жиi еске алатын. Сонда Мұқан қабырға пешке біраз сүйенiп тұрып, үсті-басы жылынғаннан кейiн бесікте ұйықтап жатқан Шоқанды ұзақ иiскеп отыратын,- дейді. Содан бір кезде баланың бетін ақырын жауып: Сен ұйыкта, ал мен жұмыс iстейін, - деп, бөлмесіне кіретін. - Kөn ретте мен оның орнына кеп жатқанын да білмейтінмін. Таңертең енем марқұмның өзi кеп:
- Әжесiнiң қоңыр қозысы-ау, шаршадың ғой, тұрып шәйіңді ішсеңшi,-деп оятатын еді -- Райхан женгей осылайша еске алады.
Мұқаңнын атасы Рәзақ:- Ол қаладан келген сайын тендеп кайтатын жүгі кітаптар болатын,- дейді.- Қыс не жаз күндерінде Бөрліге келген уақытта маған да Бальзак пен Шилллеррдiң томдарын сыйлайды. Содан соң өзіме ескертіп: окып бiтiргеннен кейiн түсiнгенiңдi айтып беретін бол, деп тапсыратын. Мұхтар ағаның Абай туралы ойлаған дүниелерінің тарихы да Бөрлi өмiрiмен тығыз байланысты. Өзiнiң ауылдас досы Мамырқаздың Рақымжаны мынандай бір ойындағысын еске алады:
Семейден келе жатып, Мұхтардын үйiне соққан ем, өзi бар екен, жiбермей қондырды. Сонда екеуміз жұмыс бөлмесiнде әңгімелесіп отырғанымызда: "Татьянаның әні туралы жазбақпын" деді. Бұл әңгiмесi тiптi кешеуілдеп жарық көрді. Тағы бір кездескенiмде: "Татьяна қырдағы әнiн кеш айтты гой" дегенiмде, ол: "Абай аға туралы бастары бірікпей жүрген ойлардың ертедегі үзiктерi болатын"- деп ойланып кетті. Мұхтар ағаның бұл жұмыс бөлмесiнде тұрғанында ойына орала беретін әңгімелер аз болмайды. Көл-көсiр оқиғалар біріне-бiрi жалғаса түсiп, өзiңдi ерiксiз терезеден сыртқа көз салдырады. Сонда сіз екі түрлі мерзімнің көрiнiсiне кездеспей коймайсыз. Бөрлінің құж-құж қатпарларының бауырында кара қошқыл бұлттардың ұңғыл-шұңғылданған жакпарлары баяу жылжиды. Қалың қараған мен тобылғыға бітелген терең сайларда ауық - ауық көкке шапшып борандатқан құйындар ендiгi бiр сәтте сумаң қағып бойтеңдеп ығып бара жатады. Ал, енді, көктем жаңа басталған шақта терезеден үңілген адамға Бөрлiнiң екінші бір көрiнiсi жазыла түсіп, ойыңды алысқа мегзетпей коймайтыны бар.
Жақпар тастары әлде неден үркіп-үркiп барып, қия беттерде тұрып қалғандай сезімге бөлейтiн, жакпарлар дын жыра-жылғаларынан әлі де кар кете қоймаған. Қыс ауыртпалығынан жалаңаштанған жоталар ендi ендi - күн көзiнен жұмсарып, жұқалаң мұнар жамылып мүлгиді. Алысырақта сағымға оранған обалар дiр қағып, шағырмаққа жонын төсеген қайқаңдар ұлан-ұзаққа қасқая тартып, көкжиекке асылып қалып жатыр. Бөрлінің алдыңғы жазығында торғай атаулы үйіліп-төгiлiп жол үстiндегi қара-құралардың бастарына мініп алысыпты. Отын қалаган беттердегі сауысқандар да тынымдап, таяу келген иттерден де үрке қоймай, құйрықтарын секеңдетiп, шықылықтайды. Мұхтар аганын туған жеріндегі жұмыс бөлмесiнен тез шығып кете қоюға батылдық таппайтынымызды өзіңіз де көріп тұрсыз. Кейiнгi ұрпақтарына елу томдай дүние қалдырудың алғашқы баспалдағы болған, адам баласының алыптарымен иiн сүйеністіруге дем берiп, қанат қақтырған бұл бөлмеге бiз, Мұхтар ағаның ұлылығына сиынып кiрiп, сиынып шығуга ғана тиіспіз.
Даналығына әлем табынған адамның көл-көсiр талантының буырқанып шыққан қайнар көзi саналатын бұл жұмыс бөлмесiнен кім де кім болса да езiнiн казак екенiн мақтанышпен сезiнiп шығары анық.
Мұхтар ағаның жұмыс бөлмесінен шыққан бетте қарсыдағы ең соңғы кезде түскен суретін көресіз. Осы суреттің астында қолынан қаламы түсер алдында жазылган үш хат қойылған. Оның біріншісі баласы Мұратқа арналған, екiншiсi - маған (сөздерін жоғарыда жария еттім), үшіншісі - сол кездегі Семейдің облыстық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Фарида Халитоваға жолданған сәлем. Мұнда Мұқаң өз баласы Мұратты Абай ауданындағы жазушы Кәменнің үйіне жеткізіп салуды тапсырғандығы айтылады. Осы бөлмеге жазушының киiп жүрген киiмдерi мен Алматыдағы мұражай үйінің макеті де қойылған.
Үшiншi, қарсыдагы бөлме бұрын жатын орындарына лайықталған мекен-жай болатын. Енді бүгін жазушы өмірінің әр кезеңін бейнелеуге арналған тарихи құжаттардың түп нұсқалары қатарластырылып, көруші ойын алысқа меңзетеді. Мұхтар аға отауының қарсысындағы екi бөлмелі мекен-жай ағасы Касымбек пен жеңгесі Ғалияның үйі.
Бұл бөлмелер де жазушының әлем елдерiнде болғандығын баяндайтын көптеген құжаттарды алдыңызга тартады. Мұражайға Абай еліне саяхат жасаушылар ғана емес, қала тұрғындары мен баска жақтан келушілер де ағылып жатады. Мұхтар ағаның дүниеге келiп, жастық шағы өткен бұл мекенжайды аралап көрген әрбір адам ұлы жазушының өмiрiнен толық түсінік алып қана қоймай, туған елін сүюдің қасиеттiлiгiне де көзі жетеді. Бар өмiрi халқын ардақтауға арналған ұлы жүректің соғуы тоқтағанша, жасаған icтepi келер ұрпаққа да өсиет-өнеге калдырмағанына рақметтен аз баска не айта алғандайсыз. Абай мен Шәкәрімнен соң, Мұхтардай данышпанды дүниеге берген қазақ халқына тағзым етудің де артықшылығы жоқ. Сiздер мен біз ендi сыртқа қайта шығалық.
Дөң үстіндегі ескi қораның орыны бұрынғы Әуез ақсақалдың өз үйінің тұрған жері. Бұл ауылдарда да мал коралары адам үйлерiнен белек салынады. "Ескі үйлерімізді мал ұстайтын кораға қолайладық" деп, Рәзақ әңгіме орайында еске алып отыратын еді.
Көріп тұрсыз, бір күндерде Әуез ақсақалдың өздері ғана тұратын ата қонысы енді үлкен ауылға айналған. Оның шығысы Тұма көлімен ұштасып жатыр. Көлдiң суы тұщы, кей жылдар арнасына сыймай бұрқырап жатады. Қамыс-құрағы мол әрі осы бауырдағы бірден-бір тұщы көл болғандықтан, кұсы көп, ду-дуы тарқамайды. Бөрлі тауының етегінде тұрған көл айдыны қандай көркем! Көл айналасы қалың қорық, қысы-жазы былқылдап жатады.
Күшікбай жақ жазықта сона бір жалғыз тұрған обалы дөңді байқайсыз ба? Теңізде жүзген жалғыз кеме тәрізді, күнге кеудесін беріп, қасқа тартып бара жатқандай. Талас пен тартыстың зардабынан жерге сіңіп бара жатып тоқтап қалғандай, басыңа сағым оралып, күйін айналып лезде бұлт көтерілді. Осы кең айдынның сонау Баршын тауынан бергі өңірі сұлу суреттей толқиды. Сол дөң - Итжон, Баршын тауы - биік, Ит жон - аласа, екеуі де үнемі Мұқанның көз алдында тұрғаны анық. Таумен көмкерілген мына - көл, ана шалқар байтақ құйылыса кеп, құп жарасып тұр. Берлиннің қатпар-қатпар жоталары қазіргі сәтте тынымдап тұрған сияқты. Шырқау көкте, төбенің үстінде тау қыраны айналып жүр.