Қазіргі жастар бақытты!!! Жаңа заманда, ерекше көзқарасқа ие жаңа қоғамда өмір сүреді. Олардың ойларыда ұшқыр, ғылым техниканы жетік менгерген. Бүгінгінің озық технологиясының барлық әулеттерін еркін бежере алады. Дей тұрғанмен сан ғасырлық салт дәстүрімізді шетке ығыстырып, өзін қазақтың жаңа заманғы құралының біріне айналдырған талай өнертабыстарда бар. Оның ең негізгісі бесікті үйімізден ығыстырып шыққан, жаңа заман аналарының көмекшісі "Памперс" деген пәлекет! Оның келешек ұрпаққа келтірер зиянын былай қойғанда, 24 сағат сәбиіміздің екі бұтының арасында емін еркін "өмір сүруіне" келтірер кедергісі де жеткілікті.
Айтып жатыр, салып жатыр ойбайды,
Келді елге, келді ұлтқа мол қайғы.
Қабанбаймен Бөгенбайлар кимеген,
Бұл памперс құртты-ау талай борбайды.
Борбайың бұл, бала емеспе-сол қайғы,
Талай жастар зардабынан сорлайды.
Алпамыспен Наурызбайлар кимеген,
Кұртар талай, бұл памперс борбайды.
Бордай тозған, бордай тозған борбайлар,
Бүгінгі ұл нағыз сорлы, сор маңдай.
Бір-бір бұтты егелеген памперс,
«Өсуіңе жол жоқ» деген қорғандай.
Кепіл болам, ұтылсам мен ,«мен сендік»,
Коғамда ертең, орын алар белсіздік.
Қалың қазақ киіп жүрген памперс,
Бірақ жолға алып барар – елсіздік.
Бордай тозған, бордай тозған борбайды,
Біз ертерек қорғамасақ болмайды.
Жаңа заман көші деумен қарасақ,
Келері анық, ертең елге зор қайғы.
Бұл ақының келешектен сескенет,
Ойламаймын «зардабы оның кеш келет».
Кешегі ұлы бабаларым бесікте,
Памперссіз-ақ «өмір сүріп», өскен ет!!!
Иә, өкініштен өзекті өртеп туындаған бір жыр еді. Сізге азда болса ой салған болса, ойлануға себеп болған болса сіз не дейсіз "памперс" кимеген достар?