БОМЖ бен МЕНІҢ ҚИЯЛЫМ

БОМЖ бен МЕНІҢ ҚИЯЛЫМ
жеке
блог

Бір кісі БОМБЖ-дан "1 млрд. долларың болса не істер едің?" деп сұрапты. Сөйтсе, әлгі әумесер: "Бүкіл Алматының қоқыс полигондары мен қоқыс жәшіктерін сатып алып, алаңсыз тірлік жасар едім" депті... Күлуге болатын шығар. Бірақ, бұл БОМЖ-дың шындығы. Мысалы, қайыршы байып, "қайыршылардың крышасы" болғысы келеді... Кондуктор ақша жиып, автобус сатып алмақ... "Көк базардың" түбіндегі "әжетхананың" аузында тұрып, 30-40 теңге жинайтын апай, "өзімнің "ақылы әжетханам" болса..." деген үмітпен күнелтіп жүр. Ал, біз болсақ, құр қиялға ерік беріп, Тұрсынбек Қабатов айтпақшы "бір нәрсе істеу керек?"-пен өмір сүріп жүрміз... Бір нәрсе істеу керек? Мәселен, манағы айтқан "Көк базарда" бір 5 адамдық "платный" әжетханаңыз бар делік. Әр адамға 30 теге десек әжетханаңыз минутына (5х3) 150 теңге ақша табады. Ол тәулігіне орташа есеппен 10 сағат үзіліссіз жұмыс жасайды. 10 сағатта 600 минут бар. Сол 600 минутты 150-ге көбейтсеңіз 90 мың теңге... Әр айда базарда 4 күн ғана демалыс, 26 күн жұмыс. Осы 26 күнді 90 мыңға көбейтіңіз... 2 млн 340 мың теңге... Бұл ақша біздің мемлекеттің бір ақпараттық сайтқа бір жылға арнап (БІР АЙҒА ЕМЕС), итке сүйек тастағандай бөлетін қаржысымен тең... Егер де, менің тура осындай бір "бизнес-точкам" болса... Мықты қыз-жігіттерді жинап, қпарат айдынында төңкеріс жасар едім... Енді өзіңіз ойлаңызшы, менің қиялым да жоғарыдағы БОМЖ-дың өиялының ар жақ, бер жағы... ҚОШ!