Болсыншы әр күн анамызға мереке!

Болсыншы әр күн анамызға мереке!
жеке
блог

Бүгін міне аналар күні дейді,

Анама айтар бір ауыз сөз жетпейді.

Сен болмасан жанымда тек анашым,

Мына өмір жарқын түсті көрсетпейді.

 

Жүрегім тулап барар сен дегенде,

Сенсіз мына көңілім кеңелер ме?

Байлықтың басқасының құны мына,

Сенің ыстық жүзіңе теңелерме.

 

Төрімде сен отырсаң бақыт қандай,

Таң атып кіретіндей жарқын арай.

Жүрегімде жүз пайыз тыныштық та,

Жанымда сен отырсан қонатындай.

 

Анашым кім силады деуші едің ғой,

Менің бала кезімде айтып ән-ай.

Мен қазір құдыретті күшті Аллаға,

Сен үшін рахметімді айтам қалай.

 

Шексіздік болмайды екен неге өмірде,

Мазамды сол алады көңіліме.

Әкемнің артынан сен еріп кетер,

Уақытта бір күні Құдай келеді ме?

 

Тау соқсын, күн күркіреп, жер айналсын,

Бәрі бір, маған басқа бұйырмасын.

Сендейді қайта ешкім жаратпайды,

Сондықтан, ақ жүрегің қартаймасын!