Бүгіннен бастап Алматыда Kaspi Red клубы жұмыс істей бастады.
Бұл клуб бөліп төлеу мен бонус алуды жақсы көретіндердің басын қоспақ.
Клуб мүшелері дүкендерден киім, спорт, балалар тауарлары, иіссулар мен басқа да тауарларды бөліп төлеу шартымен сатып алуға мүмкіндік алады. Және әрбір сәтті саудадан кейін бонус алады.
Kaspi Bank өткен аптаның соңында таныстырған бұл қызметті қалай пайдалануға болады?1) Банктің кез-келген бөлімшесінен немесе сауда орындарынан Kaspi Red клубтық картасын аласыз. Бұл үшін қолыңызда жеке куәлігіңіз бен ұялы телефоныңыз болса жеткілікті.
2) Картаның ішінде 50 мың және 100 мың теңгелік лимит бар. Қайсысын алуды өзіңіз таңдайсыз.
3) Киім, аяқ киім, балалар тауарлары, спорттық тауарлар, әшекей бұйымдар, сұлулық салондары, үйге арналған тауарлар алғыңыз келсе Kaspi Red’тің серіктес дүкендерін (қазіргі кезде 500-ден астам дүкен) таңдаңыз. Алматыдағы ең ірі сауда орындарының барлығы Kaspi Red’тің серіктестері.
4) Дүкеннен өзіңіз қалаған тауарды сатып алған соң Kaspi Red клубтық картасымен төлем жасайсыз. Мысалы: картаңыздағы лимит 50 мың теңге. Сіз 30 мың теңгеге күртеше алдыңыз. Дүкен 30 мың теңгені картадан алады. Бұл 30 мың теңгені алдағы 3 айда картаңызға қайтаруыңыз керек. Комиссиясыз, пайызсыз. Әр ай сайын 10 мың теңгеден. Жұмсалған қаражат картаңызға түскен соң, оны қайта жұмсауға болады. Айтпақшы 30 мың теңгенің 1% төлем жасалған соң бірден картаңызға Бонус түрінде қайтып келеді. Оны Kaspi.kz сайтында пайдалана аласыз. Егер Kaspi-де 1 млн теңгеден асатын депозитіңіз болса 2% Бонус аласыз. Айтпақшы, клуб картасын алып үлгерген болсаңыз, алғашқы бірінші айда 10 мың теңгеге сауда жасасаңыз, 3000 теңге бонус беріледі.
5) Ай сайын 10 мың теңге төлемді кез-келген Kaspi Терминалдан немесе Kaspi.kz сайты арқылы комиссиясыз төлеуге болады.
6) Айта кету керек, клубтық картадағы қаражатты шешіп алу мүмкін емес. Ол тек дүкеннен тауар алған кезде төлем үшін ғана жарамды. Картадан алынған соманы қайтару кезінде пайыз, комиссия мүлдем қосылмайды. Картаны бірінші жылы пайдалану тегін. Екінші жылы ақылы. Толық ақпаратты мына жерден көрсеңіз болады: Kaspi Red
Cолай. Енді бұған дейін қолжетімді болмай келген заттарды да бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады)