Бөлме өсімдіктері

Бөлме өсімдіктері
жеке
блог

Үлкен қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының көбеюі және адамдардың ұзақ уақыт жасанды материалдармен жабдықталған кеңседе жұмыс істеуі - жасыл өсімдіктерге деген сұранысты қалыптастырады және оның маңызы оте жоғары.Гүл

Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік береді.

Үй ішінде өсімдік өсіру жылдық маусымдар ауысып отыратын елдерден шықты. Яғни адамдардың ең болмағанда бөлмесінде жазғы атмосфераны қалыптастыруға деген талпынысы. Өсімдіктерді жыл бойы өсіру үшін арнайы оранжерея салынады. 

Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғат жағдайы өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек. Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдылығы және температуралық режим керек.


Бөлме өсімдіктері жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, көлеңкеге бейім өсімдіктер болып бөлінеді.

Жарық сүйгіш өсімдіктерді бөлменің жарығы мол түсетін жерлеріне орналастыру керек. Егер терезенің алдына қойсаңдар әйнекке тимегені жөн. 


 

Бөлмеде ананас, апельсинді де өсіруге әбден болады.

Көлеңкеге бейім өсімдіктерді мүмкіндігінше жарық көзі көп түсетін терезеден алыста орналастыру керек. Оларға жарықтың қажеті шамалы, онсыз да олар өздерін қолайлы сезінеді.

Жылу сүйетін өсімдіктерді қыста терезенің алдына қоюға болмайды. Өйткені терезе маңындағы температура бөлмедегі температурадан (4-5С-қа) төмен болады.

Осы ережелерді орындап отырсаңыздар, бөлмелеріңіздегі гүлдер жайқалып өсіп, көңіл күйіңіздің де жақсы болуына септігін тигізеді. 

Блогымды мына сұрақпен аяқтауды жөн көрдім.

Сіз бөлме өсімдіктерін өсіресіз бе?