Бөлме гүлдері - денсаулық кепілі (байқау)

Бөлме гүлдері - денсаулық кепілі (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, алаш жұртым! Бөлме гүлдері — денсаулық кепілі. Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде тіпті ескермейді. Өсімдіктер әуенді де жақсы қабылдайды. Тіпті, әр өсімдіктің өзінің әуенді қалауы бар екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын, флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады. Міне, қызық деп осыны айтуға болады. Соған қарап менде "Массагет" гүліме бір уақыт әуен қосып қоямын. Әсері бар. Тамырын отырғызғаннан кейін бір апта өтті, ол гүлімде "Айзере" гүлім сияқты өсіп келеді. Оның дәлелі міне:


Гүлдерім өсірілген жерде оңай тыныс алуға болатынын байқадым. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Олардың қасында көңіл-күйім әрдайым жадыраңқы жүреді. Кейде тіпті сырыммен бөлісемін. Досым сияқты жақсы көретінімді құдды бір сезетін сияқты. Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді деседі. Гүлдер адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан барынша көңілді жүріп, күніміздің сәтті өтуіне бір-бірімізге тілектес боламыз. Гүлдерім осы байқаудың алға басуына септігін тигізетініне кәміл сенемін. Қазақтың төрінде қара домбыра ілініп тұрмаса бір жұтаңдық байқалады ғой, сол сияқты гүлдері жайқалып тұрмаса да ол үйдің жылулығы көрінбейді. Өйткені, гүл өсіру деген – тамыры шыққан өсімдікті жай ғана топыраққа шанди салып, оған мезгіл-мезгіл сарылдатып су құю емес. Ол – біздің жан-дүниеміздің қаншалықты бай екенін көрсететін, біздегі мейірімділік пен ізгіліктің коэффицентін өлшейтін, біздің табиғатпен үзілмеген таза әрі терең байланысымыздың айғағы.