Бөлме гүл адамға өмір сыйлайды (арнайы тапсырма)
блог
Қайырлы күн, алаш жұртым! Бөлме гүлдері — денсаулық кепілі. Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде тіпті ескермейді. Өсімдіктер әуенді де жақсы қабылдайды. Тіпті, әр өсімдіктің өзінің әуенді қалауы бар екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын, флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады. Міне, қызық деп осыны айтуға болады. Соған қарап менде "Массагет" гүліме бір уақыт әуен қосып қоямын. Әсері бар. Тамырын отырғызғаннан кейін бір апта өтті, ол гүлімде "Айзере" гүлім сияқты өсіп келеді. Оның дәлелі міне:
Гүлдерім өсірілген жерде оңай тыныс алуға болатынын байқадым. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Олардың қасында көңіл-күйім әрдайым жадыраңқы жүреді. Кейде тіпті сырыммен бөлісемін. Досым сияқты жақсы көретінімді құдды бір сезетін сияқты. Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді деседі. Гүлдер адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан барынша көңілді жүріп, күніміздің сәтті өтуіне бір-бірімізге тілектес боламыз. Гүлдерім осы байқаудың алға басуына септігін тигізетініне кәміл сенемін. Қазақтың төрінде қара домбыра ілініп тұрмаса бір жұтаңдық байқалады ғой, сол сияқты гүлдері жайқалып тұрмаса да ол үйдің жылулығы көрінбейді. Өйткені, гүл өсіру деген – тамыры шыққан өсімдікті жай ғана топыраққа шанди салып, оған мезгіл-мезгіл сарылдатып су құю емес. Ол – біздің жан-дүниеміздің қаншалықты бай екенін көрсететін, біздегі мейірімділік пен ізгіліктің коэффицентін өлшейтін, біздің табиғатпен үзілмеген таза әрі терең байланысымыздың айғағы.
Мен бүгінгі блогымды мынадай жұмбақтан бастағым келеді. Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не? Әрине, бұл - гүл. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауы басталғаннан менің қызығушылығымды арттырып, үлкен құлшыныспен істер суйікті ісіме айнағган гүл өсіру жане оны баптау маған өте ұнайды. Арайлап атқан таңмен таласа, тағы бір тамаша куннің басталғанына сан мын шукіршілік етіп ұйқыдан оянғанда, жақындарымның жарқын жүзін көріп бір қуансам содан кейінгі менің іздейтінім осы гүлдерім.
Гулдеріммен амандасып, әр жапырағына жеке- жеке саусағымды тигізіп, олардан бейне бір қуат- күш алатындай тамаша әсерде боламын. Күнде қызыға бір құлшыныспен атқаратын ісіме айналған бұл хоббиім мені алдағы күндерге, арманымның ақ сұңқарына жетелердей күй кешудемін. Алдыңға аптада "Айзере" гүлімді отырғызсам осы жолы отырғызған гүлімді "Массагет"деп атадым. Неге Массагет койдың десеңіздер... Байқаудың арқасында менің гул өсіруге деген қызығушылығым оянды . Байқаудың арқасында жаңа достар таптым. Байқаудың арқасында енді қамқоршы ағам бар. Байқаудың арқасында мақсатқа оңай жетуге болатынын түсіндім. Айта берсем көп. Массагет ұжымына деген ілтипатым ретінде атын осылай қойдым.
Енді оны қалай отырғызып, өсіріп, баптап жатқаным жайлы бөлісе кетейін. Гүл отырғызу үшін ең әуелі құмыра қажет. Құмыраға гүл өсіруге арналған арнайы құнарлы топырақ салдым.
Содан соң, топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғыздым (тамырын).
Адам баласынын өсіп-өнуіне қамқорлық қалай қажет болса, гүлдің әдеми болып өсуіне де көп қамқорлық қажет. Сондықтан уақытылы су құйып тұру керек. Бөлме гүлдерін кез-келген жерге қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы ,әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.
Өсімдіктер өз қожайындарын басқа адамдардан қызғанады екен. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасын зерттеген . Ағылшын физиологы А. Мей-сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Бойына бала біткенінде итжерік болып, дәрігерлердің сан алуан ем қолданғанына қарамастан түсік тастайды. Осы кезде әлгі ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түсіп, әйелінің ауруға шалдыққанын содан көріп, оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Сол күннен бастап әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, оны аман-сау өмірге әкеледі. Көрдіңіздер ме, табиғаттың тылсым сырлары өте көп. Менің гүлдерім - менің мақсаттарымның -жемісі. Менің гулдерім - менің болашаққа басар баспалдағымның бастауы. Мені қанаттандыратын, мені жақсылыкқа жетелейтин , жарөын болашағымның бастауы. Өз өмірім емес, маған жақын жандардың , жер бетіндегі барша адамзаттың өмірлері гүлдей, әдемі сәнді де мәнді болуына періште көңіліммен тілектеспін!