Бөлкені де бөлетін кез жетіпті

фото "www.otyrar.kz"алынған. 

 "Ас - атасы нан", деп, ұрпақтан ұрпаққа ұлықтап келеді қазағым.Заманның басталғанынан, пенденің аш қалғанынан бастап, нанның дәмін сезген адамдар, оны құрметтеп ең бірінші, тағам ретінде санайды. Балалық шақтан  да, осы нан туралы талай әңгімелер, аңыздар да көптеп айтылмаса, аз айтылған жоқ. Құранды басып нанды алатын әңгіме де аласапыран алмағайып дүниеде, кездескен де болар. Себебі бізге жазылған аңыздар ел аузында жүргендер емес пе. Ал мына бір жыр шумақтары нанның тек адамға емес құстарға да керек екендігін ұқтырады.

Нан қоқымын баспаңдар,

Жерде жатса шашпаңдар,

Теріп алып, қастерлеп.

Торғайларға тастаңдар. демекші, нанның әрбір қиындысы құнды болып есептелінеді. 

  Жақын күндері жалма - жан ару жандардың мерекесіне дайындыққа, дегбіріміз қозып жүгіріп жүріп, бір дүкенге кіріп, тіске басар алмақшы болдым. Дүкен іші әдеттегідей әуселеге толы, адамның у - шуымен қоса, жаңбырдың да сіркірей жауған дауысы естіледі.  Студент болғандықтан ба, әлде бір ішек болып қалғандықтан шығар, жеңіл желпі асқа әуес те болып алғанмын. Дүкеннің Нан бөліміне қарай аяңдап барып өзіме керекті тағамдарымды алып жатып,  бөлкенің екіге  бөлініп жатқанын көзім шалып қалды. Басында өздеріне керегін алып қалғанын кешкіге қалдырған шығар деп те қойдым.Бірақ қасымда тұрған бір апай, 35 теңгесін беріп, әлгі бөлкені қолтықтай кетті. Таңырқап таңдануымнан дүкеншіден: 

  - Бөлке де бөлініп сатыла ма не? деп сұрадым.

Ол маған жалма - жан:

  -  Әрине 34-35 теңгеге бөлкенің жартысын сатамыз,- деді.

  - Ал бұл бөлкенің бағасын қалай қоясыздар?

 Таразыға тартамыз деп айтты. Қызық таразыға тартылып бөлкені де бөліп жеуге болатынын бұрын соңды еш дүкеннен аңғармаппын. Ал енді көрген екенмін, болашақта бұндай жайттар қайталанса таңғалмайтын болдым.



Бөлісу: