Болат жолдың құрыш білік еңбеккерлері мәдениетсіз жолаушылардан таяқ жеуде.

Откенде Еркебұлан Қайраханның Ауылға кетіп бара жатырсызба мақаласында жазған кеңестеріне қосқаным . «Болат жолдың қауіпсіздігіне жұмысшы кепілдігі» деген ұран біздің мекеменің тыныс -тіршілігін мақсат -мүдесін танытып тұрғандай. Осындай ұранмен таң атысымен сағат 5-те өз жұмысына кірісіп жатқан жұмысшы еріншек жолаушыдан таяқ жеді, қалай дейсіздер ғой. Жол жигеніде өзіне берілген жердің шөбін жұлып отырғанда, қасынан жолаушылар поезды өтеді, сол поезда кетіп бара жатқан жолаушы өзінің ішкен сырасының бөтелкесін ашық тұрған терезеден лақтырған,ол бөтелке жұмысшының басына тиіп,зақымдаған,ол жұмысшы қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Мұндай фактілер жаз басталғанан кун суытып терезелер жабылғанға дейін темір жол бойында көптеп тіркеледі. Терезеден лақтырылған әрбір қоқыс көптеген адамдардың өміріне зиян әкеледі. Мысалға газет,сусындардан босаған ыдыстар қатты күннің көзіне қызып, тепловозда ұшқан шоқ ұшқындарының тез тұтануына септігін тигізеді. Құрметті блогерлер, ертеңгі жолаушылар сіздерге айтарым жол жүргенде осындай жүгенсіздікке жол бермей,терезеден қоқыс лақтырмауды тыя жүрсеңіздер екен



Бөлісу: