Әр күн сайын бұлыңғыр келешек келбеті айқындала түскен сәтте, жастар шамшырақ болып жолды салып, көшбастайды. Барлығымыз болашағымыздың жарқын әрі жайдарлы сәттерге толы болғанын тілейміз. Сәт сайын өзгерістерге ұшырап отырған ақпараттық заман алға өрлеу жылдамдығын бәсеңдетер емес. Ендеше сол қарқынға ілесе алар жастардың жеткілікті білім мен тәрбиеге сусындауы маңызды, осылардың іргетасы балалық шақта қаланады.
Бұл – жалпыға ортақ болашғымыз жайын талқылғанымен қоса, балаларды тура жолға бағыттауды көздейді. Негізгі ой аталмыш жаңа заман сұраныстарына сай болудың қолжетімділігі жайлы болады.
Қазақстанның әлемдік аренаңа өзіндік болмысын сақтай отырып аяқ басып аттағаны белгілі. Сол себепті ендігі кезекте еліміз бен бүткіл өзге елдерді байланыстырушы құрал ретінде жас буынды жөнді баули білуіміз шарт. Қазіргі таңда жас жеткіншектердің санасына ұлттық тәрбиені бойға сіңіруге көмегі болар мол мүмкіндіктер ұсынылуда. Сонымен жаңадан жеткен таңғажайыптарды үйрену арқылы еліміздің кемелденгені көрінеді. Алайда, бұл тұста жоспарланған жұмыстар жүйелі іске асырылып жатыр ма? Мысал ретінде, балалардың тілдерді меңгеруін алсақ.
Бастауыш сыныптардан үштілділікті уйрету жобасы әлі де қызу талқы үстінде. Шет тілін меңгеру бәсекелестікке қабілетті болуыдың өлшемі. Бұл салада жеке тіл орталықтарының нарықта толып жатқанын көреміз, және мектеп қабырғасында білімін жетілдіре алмаған баланы ата-анасы сол мекемелерге тапсырады. Алайда, осындай жағдай түпкілікті түрде жасалмаған сәтте қымбат қосымша білім беру орталығына қаражаты жетпейтін жеткіншектің келешегі не болмақ? Осы сауалды негізге ала отырып «Болашақтың балаларымыз» атты жоба жоспарланды.
Экспо Астана көрмесіне ерікті болып жазылған бір топ жастар қазір жоба жұмысын Елорда көлемінде бастап кетті. Негізгі мақсат: әлеуметтік қамсыздануы аз жанұялардаға балаларға қолжетімді білім беру. Қозғаушы күш-белсенді жастардың өз тәжірибесімен бөлісуі.
Болашақтың бейнесін бірге үйлестірейік-балаларды биік мақсаттарға ұмтылуға баулиық. Кішкентай кезден бағытын білетін бала ертеңгі елді басқаратын тұлға екендігін ұмытпайық. Жанған шырақты нағыз алауға айналдырар қолдауға ие болса, аталмыш жоба жайын әлі де естуіңіз мүмкін.