Болашақта...

Қазіргі біздің пайдаланып жүрген техникалар бұрын миға сыймайтын дүниелер болған ғой. Алдында ғана бізде түрлі өнер табыстарына күмән келтірілген мақала жарық көріп еді. Ал қазір мен, болашақта жұмысқа аспанда ұшып барамыз десем, сандырақтама дейсіздер ме? Немесе екі адам бір-бірін ұнатып қалса, қызыл не жасыл жанатын құрылғы пайда болады десем ше? Меніңше, болашақта бәрі мүмкін. Мысалы, жақында Roly-Poly деген құрылғы жасапты. Ол екі жақта жүрген ғашықтарға арналған екен. Түр-пішіні жұмыртқаға ұқсас екі затты екі ғашық қоштасқан кезде бір-бірден алып кетеді. Ал кейін сүйіктісінің біреуі есіне алып, сол жұмыртқаға қолы тисе, екінші жұмыртқа да тербеле бастайды. Бірақ бұл да өз тұрғысынан әрбірінің тәкаппарлығы мен намысшылдығына келіп ұрынатын шығар.

Ал сіздер болашақта бізді қандай өнер табыстар күтіп тұр деп ойлайсыздар? 



Бөлісу: