Болашақ Қазақстан. Қазақ жастарына...
блог
Сәлеметсіздер ме оқырмандар. Бұл менің алғашқы блогым. Мен бұл блогта өзімнің ашық ойымды білдіргім келеді. Мені бір ой мазалайды. Біз, болашақтың кемелі жастар, Мағжан Жұмабаев ақын ағамыздың үмітін сонымен қатар басқа да кісілердің тіпті өзіміздің ата-ажелеріміздің үмітін ақтай аламыз ба екен?? Айтқым келіп отырғаны қазіргі жастардың әдептен озып бара жатқаны. Жігіттердің шылымды тастамауы оған қыздардың да қосылуы, арақсыз той өтпеуі, қыздардың иманына арына дақ келуі. Өзім қыз болғандықтан ба қыздарға қатты қынжылам.
Қыз дегеніміз елдің көркі деуші едік. Ал қазіргі қыздарға қарап христианға берілушілер демін бе, әлде жай ғана өзге елге еліктеушілер деймін бее?! Біз христиан дініндегілердің исламға қызығушылығын байқамадық, бірақ ислам дінідегілердің христиандықтарға еліктеуін көріп жатырмыз. Кешегі етегін жабынған әжелеріміз қандай еді? Белдемшелері тек тобыққа түсетін, одан жоғары болмаған. Қазіргілер санын жалтыратып жүруден ұялмайды. Өзгеден қорықпаса да осы жұрт Алла Тағаланың бар екенін ұмытпаса деймін.Бойларын нәпсіге емес ақылға жеңдірсе екен...
Көпке топырақ шашпайын ибалы да иманды азаматтарымыз баршылық Құдайға шүкір. Көңіл қынжылтатыны тілінен, діннен безгендері. Дискотеканы мешіт көріп, ойынхана мен сауықханаларды уйіндей көрген, шет елдің әуеніне иіліп, телехикаясына жылаған қайран қазақтың келешегінен не үміт не қайыр. Арын ақшаға айырбастап жүргендер де қаншама.
Жастар,сабырға салып, ойланайық. Салауатты өмір салтын қорғайық, ата-анамызды сыйлайық!! Арымызды сақтайық. Қазақта сөз бар емес пе " Малым- жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" дегендей. Қазақстанды ата-бабамыз армандағандай етейік. Соны қалайтын кірпіші болайық елдің