Бүгінгі күні жасанды интеллект және оның болашақта әлемге қандай үлес қосатыны туралы дискуссиялар күннен күнге көбеюде. Осы саланың практикалық түрде шыңына жету жолында, көптеген мамандардың өз пікірлерін қалдыруына жол берді. Атап кетсек, атақты ағылшын физик-теоретик Стивен Хокинг және Илон Масктың ойы бойынша, ЖИ әлем цивилизациасының соңы болуға себепкер деуде. Бірақ та, бұл мәселеге басқа көзқараспен қарайтындар да бар.
ЖИ саласының ең мықты мамандардың бірі, Стэнфорд университетінің профессоры, Эндрю Ынның болжамы бойынша: Жасанды интеллект әлемге және адамдарға апат әкелмейді, болашақта шығатын Терминатордан қорқудың керегі жоқ. Керісінше, көңіл бөлу керек мәселе, сіздің жұмыс орныңызды өзіне тартып алатын, ЖИ элементтерін қолданатын роботтандырылған жүк көліктер және де басқада жетелді жабдықтар.
Бұған біз нелерді жатқыза аламыз? Мысалы, робот-көліктер, робот-даяшылар, робот-іскерлер. Келешекте осы жетелді роботтар, адамдар қызмет еткен жұмыстарды жасай алатын жағдайға келсе, адамдарды роботтармен ауыстыруы әлдеқалай тиімді болады. Сондықтан бұл кейбір салаларды жұмыссыз қалдырып, адамдарға және мемлекеттерге туғызатын бір мәселеге айналады.
Осыған қоса, Эндрю Ын келтірген бір мысалында, АҚШ мемлекетінің ауылшаруашылық кезеңінің ауысуынан, фермада жұмыс жасайтын халықтың 90% қазіргі жағдайға дейін халықтың 2% құрап отыр, бұған толығымен 200 жыл кетті. Алайда бұл жағдайда, "жасанды интеллект сіз үшін жұмыс жасауда" кезеңіне ауысуы тез уақытта болуда және осы тез ауысуы болжап болмайтын жағдайға әкелуі мүмкін.
Қорытындыласақ, ЖИ болашақта өз әсерін тигізіп қоймай, кейбір жұмыс салаларды өзгеріске ұшыратуы әбден мүмкін. Болашақ жұмыс орындар білімділерді қажет ететіндіктен, білім жолында аянбай тер төгуіміз қажет.