Болашақ – бүгіннен, бүгініміз – шет тілімен...

«Бакалавр – жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже».

                                             Қазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы»

  Университет қабырғасында оқып, бакалавр атағын алып, студент деген айдар тағынып жүргенімізге де екі жылдан асып барады. Осы екі  жыл ішінде университетке қатысты мәліметтермен толықтай танысып шықтық деуге де болады. Біздің мамандыққа қатысты өтіп жүрген сабақтарымыздың бірі – кәсіби коммуникацияға арналған шет тілі сабағы. Қыстық семестр басталғалы бізге жаңа мұғалім пәннен оқыта бастады. Есімі – Исмайлова Ғалия  апай. Филология факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы. Бірде  әдеттегідей сабақ өтіп жатқанымызда, университетіміздегі бағдарламалар бойынша шетелде оқу туралы сөз болды. Бірақ, тек бірен – саран студенттер ғана бұл ақпаратпен толықтай таныс болғаны болмаса, көбісінің хабары жоқ екен.

  Сонымен, менің айтпақ болып отырған бағдарламам : Сыртқы академиялық мобильділік. Мұның өзі де ішінде бірнеше бөлімдерден тұрады.

1)         ҚР БҒМ-ның "Шетелде 1 семестр білім алу" бағдарламасы.

Бұл бағдарлама бойынша : БҒМ-

ның академиялық мобильділік бағдарламасы білім алушыларға семестр

бойы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді.

Министрлік гранты екі жақ жол ақысын, 105 күн ішіндегі тұру ақысын,

медициналық сақтандыру

және

виза шығындарын өтейді. Ал студенттерге қойылатын талап қандай?

-         ҚР БҒМ- ның шетелде 1 семестр бойы білім алу бағдарламасы:

-         академиялық мобильділік бағдарламасы білім алушыларға семестр

-         бойы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді.

-         Министрлік гранты екі жақ жол ақысын, 105 күн ішіндегі тұру ақысын,

-         медициналық сақтандыру

-         және

-         виза шығындарын өтейді.

-         Үміткерлерге

-         қойылатын

-         талаптар:

-         Бакалавриаттың 2-4 курсында, магистратураның 2 курсында оқу;

-         Бюджет негізінде, сондай-ақ ақылы негізде білім алатын студенттер қатыса алады

-         ҚР азаматы болу

-         Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу

-         орташа балл 3,5-тен жоғары болуы шарт,Шет тілінде еркін сөйлеу

-         сертификатпен растау

-         intermediate

-         жоғары деңгейде білу шарт

-         Факультетте конкурстық іріктеуден өту.

Шәкіртақылық гранттар:

-         Ұлыбритания:

Edinburgh Global Master's

Scholarships;

-         Германия:

-         Ph.D. and postdoctoral projects in Systems Biology of Development;

-         Италия :

Two  Year Master's Degree in EUROPEAN AND NTERNATIONAL STUDIES;

-         Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық академиясы:(ОБСЕ)

-         Submission Deadline Master Scholarship in Politics and  Security Studies by Organisation for  Security and Cooperation in Europe(OSCE), Central Asia.

          Ал, Ішкі (қазақстанаралық) академиялық ұтқырлық – бұл нақты академиялық  мезгіл ішінде  білім алушының, оқытушы-зерттеушілердің  ауысып немесе зерттеу жүргізуі: Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына бір семестрге немесе бір оқу жылына міндетті түрде кредиттерді  қайта санау негізінде білім алу бағдарламасы бойынша өз оқу орнында  немесе басқа оқу орнында білімін жалғастыру болып табылады.

     Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуді академиялық мәселелер бойынша Департаменттің оқу үдерісі бөлімі (Бағдарлама үйлестірушісі-ОБ) жүзеге асырады. Білім алушылардың  ішкі академиялық ұтқырлығы  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бекітілген бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

     Барлық жерде тіл керек екені мәлім. Қиялымыз шарықтап Италиямен – Еуропаны аралап жүргенімен, тіл мәселесінде көбіміз күмілжіп қаламыз. Рас, біз факультетімізбен мақтана аламыз, себебі біздің журналистика факультеті БҰҰ, ОБСЕ секілді халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы өкілдіктерімен, Сорос-Қазақстан қорымен, Еуразия, Айрекс, Фулбрайт қорының өңірлік өкілдіктерімен, Америкалық журналистика факультеті оқытушыларының Ассоциациясымен, АҚШ Ақпарат агенттіктері және басқа да халықаралық бірлестіктермен тығыз байланыс жасайды. Тәжірибе алмасып кететін шетелдік оқытушылар да білім беріп кетеді. Журналистика саласында еліміз бойынша басты орында озық тұратын да, талайлардың арманына айналған да – журналистиканың бастауы да ҚазҰУ-де.



Бөлісу: