Болашақ

Болашақ
жеке
блог

-Әй, кемпір, пенсия түсіпті

-Жақсы болды ғой,  қайдан білдің?

-Саммитбай айтты, жаңа ватсаппен

-АА олай болса Азиадаға хабарлай салайын, агентте отырса, пенсиясы түскенін білсін ол да.

-Агентте көрінбейді, ВК-ні  қосып көр.

-Карточкан қайда?

-Неғылмақсың оны?

-Азық-түлік аламын, интернеттегі магазиннен.

-Қазір тауып берейін (әмиянын ашып ақтарып жатыр)қазір....құрып кеткір мына карточкаларды-ай, мынау бензиндікі,  мынау  кафенікі, мынау салондікі,.... ее міне таптым.

Арғы бөлмеде немересінің жылаған даусы шығып жатыр.

-Әй шал, баланың бесіктің тербететін пульті қайда.

-Бесіктін бас жағында тұр. Бірақ анау бесік жырын айтатын жері істен шығып қалған сияқты ма?

-Жөндесеңші енді, не дейсің маған.

-Ағасы жөндесін.

Арғы бөлмеден Үлкен баласы:

-Қазір ата, міне міне ұтып алайын мына ГТА-ны сосын жөндеймін.

-Есікті біреу қағып тұр ашыңдаршы.

Келіні:

-Қолым бос емес папа, сауда жасап жатырмын. Азық- түлік алып...

 Жанында отырғын Ұлы:

-Ал мен жұмыс істеп отырмын, әлі әбед уақытысы емес. Камерадан бастығым байқаса ренжиді.

Атасы амалсыздан тұрып есікті ашты.

-Бұл пица екен. Тапсырыспен келіпті.  Әбед келді. Тоңазытқыштан коланы ал, ауқаттанып алайық.

Келіні:

- Тұра-тұрыңдаршы жемей, мен суретке түсіріп инстаграмға жібере салайын.

Ұлы:

- ооо, табылған ақыл, қазір.... тұра тұр әдемілеп алайын жан жағын.

-Балам кел, әбед.

-Қазір папа, сабақ оқып отырмын , емтихан жүріп жатыр (мұғалімі көгілдір экранның  арғы жағында  отыр қақшиып)

Біздің болашағымыз осындай болар ма екен?  Кейін ауылдан соғым сұратсақ,  MMS пен жіберіп қатыратын шығар. Төрт қабырғаға қапталып, интернетті ақтарып,  миымыз кеуіп қақталып,  аппақ болып бозарып, ауру болып сазарып,  ауаға шықпай, сүйектеріміз қатып, буындарымыз сіресіп отырмасақ болды.