Жастық - арман. Бұл - сенім. Бұл - ерлікке құштарлық. Бұл - болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл - болашақ атаулының бастауы.
Арман - адамның жарық жұлдызы , өмірлік бағдары , онсыз алға басу да , тірлік те жоқ. Армандай білу - ұлы даналық , себебі арман өмірге қызықтырады , оны сұлуландырады , өрге тартады. Олай болса , алға ұмтылу - өмірдің мақсаты. Ал адам мақсатсыз ештеңені тындыра алмайды. Осылайша арманыма жету үшін мен де алдыма мақсат қойдым.
1. Тіл үйрену. "Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте" демейме дана халқымыз. Мен де бос жатпай әлем тілдерін үйренуге бел байладым. Бірінші менің таңдауым Корей тіліне түсті. Бұрыннан корей толқынының жанкүйері болғаннан кейін де осы бір тілге қатты қызықтым.
2.Кітап оқу. Осыған дейін де көптеген кітаптар оқыдым. Бірақ ешқашан қолыма қазақ әдебиетінің асылы , қазынасы саналатын Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясы түспепті. Ең алдымен осы туындыны оқысамба деймін.
3. Мемлекеттік емтиханға дайындық.
4. Ағылшын тілінен деңгейімді көтеру.
5. Әлемдік классиканы зерделеу.
Осы мақсаттарыма жету барысында тынбай еңбектенетін боламын. Армандарымызға бірге жетейік достар!