Боксер болу, Штангист болу, Әнші болу
блог
"Білек жарысы" мен "Білім жарысы"
Қазіргі өскелең ұрпақтың қай-қайсысының болсын арманы не боксер болу, не штангист болу, не әнші болу.
Әрине, армандасын, шұғылдансын, айналыссын көптік етпес. Бірақ, сол балалардың білімге құштарлығының нөлде екені күйіндіреді мені.
Оған себеп не деп ойлайсыздар? Ол өзіміздің ғылыми жарыстарға, қазақ ғылымына немқұрайлы қарағанымызда, дәріптеп ұлықтамағанымызда.
Мен спорттық ойындар мен спортшыларға, немесе әншілерге ешқандай қарсылығым жоқ, оларды әсіре сілтейді деп айтудан да аулақпын. Олардыкі де асқан шыдамдылық пен талмас еңбектің нәтижесі, олардың кәсібі, бүгінгі чемпион-ертеңгі бапкер! Бүгінгі әнші-ертеңгі ұстаз! Бірақ, олар мемлекеттік қазынаға ешқандай пайда түсірмейтінін, қайта мемлекеттік қазынадан олардың жаттығуына бөлінетін ақшаны ойлап отырмын. Ол сіздің немесе әкеңіз бен анаңыздың еңбекпен тапқан ақшасының бөлігі екенін білетін шығарсыз? Менің шырылымның себебі де осы.
Тек көпшіліктен білім мен ғылымға да көңіл бөлгенімізді қалаймын, себебі еліміздің ертеңі білімпаздарда, өнертапқыш ғалымдарда екенін түсінсек деймін. Соларды дәріптеп телевизор мен газет беттеріне шығарсақ деймін, сонда ғана жастардың көңілі ғылымға ауысып, білімге бет бұрары сөзсіз, ағайын.
"Білекті бірді, білімді мыңды-жығады"- деген нақыл жадыңызда жүрсе екен және дәл қазір осы нақылды "актуальный" заманында өмір сүріп жатқанымызды тағы да бір есіңізге салып қояйын деген ой менікі.....
Менің сөздеріме дәлел болсын деп Ахмет Байтұрсынұлы атамның қара сөзін сурет етіп жабыстырып қойдым, оқып шығыңыз.