БӨКЕНШІ
Алдымызда Бөкенші өзені. Оның сол жақ қабағында көп бейіт жатыр. Сол бейіттердің ең алдыңғы жақтағы төрт құлақтысы Абайдың төртінші атасы Айдостың әйелі Айпаранікі. Айпара өз балаларына тақпақтап ат қойыпты. Мысалы төрт баласын сынап: Шынжыр балақ шүбар төс Ырғызбайым, Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым. Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым, Сірә де оңбас Торғайым, депті. екен. Айпара өте ақылды, тапқыр, өлеңші кісі болған Көлқайнар Жидебай мен Шыңғыстың екі ортасында жатқан аса бір шүйгін жер. Қодар мен Қамқаны өлтірткен өз әкесінің сұмдығынан шошып қайтқан бетінде Абай атының жалын құшып, соңынан қуған Жиреншеге жеткізбей осы Көлқайнардағы өз үйіне келіп бірақ түскен. Құнанбай осы Көлқайнарда туған Абай жолы" эпопеясындағы көп оқиғаның басталуына Қарауыл өзенінің себепкер екенін білеміз. Зұлымдық пен сұмдықтың талайына куә болған Қарауыл жағасында түн түнегі басқан қараңғылық ішінде де тот баспай жарқырап, бүгінгі күннің шұғылалы нұр сәулесіне жалғасқан талай да талай ар- манды аялаған жандар өтті. Сусағанның шөлін қандырған, зарыққанның жанына медеу, арып-шар- шағанға сая болған Қарауылдың мөлдірінен Абай жырла- ры да нәр алды. Мұқаңның шабытына дем берді. Шәкәрімнің даналығына қанат қақтырды. Еңлік пен Кебектің, Қалқаман мен Мамырдың өмір сырларының да куәсы болған Қарауыл - осы, Қарауылдың жағасында олардың сыңғырлаған күлкісімен бірге көздерінің мөлдір жас тамшылары да қалған-ды. Қарауыл өзенін Шыңғыстаудың жүрегі ғана деп айту жеткіліксіз. Ол - бүкіл қазақ, халқының да жүрегі. Қарауылда Атырау мен Аралдың байтақтығы, Балқаш пен Зайсанның жомарттығы, Ертіс пен Сырдың ерлікке толы сұлу еркелігі, Алатау мен Қаратаудың еңселігі, көк күмбезі кеудесінде ғана төңкерулі жатқан сахараның жазирасы, даналарды тапқан ананың омырау- ын идірген қуатты күш бар. Мөлдір толқын астында бүйралана түсіп жатқан әр түрлі малта тастардың өзі суға төгіп тастаған маржан сияқты емес пе? Табиғаттың өзі Қарауыл суын маржан үстінен лыпыл қақтырып қойғандай. Қарауыл өзенінің сағасы - Шыңғыстың аса сұлу жерінің бірі. Қатпар-қатпар құз-қиялары мол заңғарларды жарып ағып жатқан өзеннің сағасы қалың жыныс ағашпен көмкерілген. Қойнаулары қалың нумен бітелген биіктердің жақпарларында Шыңғыстың қырандары мекендейді. Бұйралана толқып, көкшіл мұнар жамылған жоталар желді күнгі теңіз бетінің толқындарын еске түсіреді. Қалың ағаштың тасасын ала, өзен жағасында пионер ла- герінің қалашығы да көрінді. Кіре берісте: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан! деген сөз жазылған. Бұл өсиет үлкен-ішіге бірдей ой салады.
Кәмен Оразалин
«Абай ауылына саяхат» (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 206-бет