Бокалдарда көрініс тапқан 7 ажалды күнә
блог
Бәрімізге белгілі 7 ажалды күнә бар, олар: нәпсіқұмарлық, дүниеқоңыздық, қомағайлық, жалқаулық, ашу-ыза, іштарлық, менмендік. Және көпшілігіміз осы күнәларды әр түрлі бейнеде көрдік, олар әдемі әйелде немесе басқа да заттарда, жалпы алғанда, автордың қиялына байланысты бейнеленді. Лондондық дизайнер Каспер Гамильтон осы тақырыпқа қызығушылық танытып, оны өзіндік тәсілімен дүниеге әкелді.
Турасын айтқанда, оларды пайдалану оңай емес. Күнәлар адамға өмір сүруге кедері келтірсе, бұл бокалдар да одан ішуге кедергі келтіреді. Бокалдардың әрқайсысы күнәларды еске түсіретін айрықша пішінге ие.
Ашу өзі бағытталған адамды емес, агрессордың өзін жиі жаралайды. Қатты көтерілген жиегі бар бокал, өз иесін жаралауы мүмкін.
Мына бокалдан шарап ішу оңай емес. Түтікшенің түбіндегі шарды жылжыту үшін тілмен жақсылап жұмыс істеу керек.
Менмендік бокалдың қабырғасын қанша көтерсе де, одан іше алмады. Тағы да шарапты үстіңе төгіп аласың. Адамдармен де солай: шектен шыққан менмен кісіге жолау мүмкін емес, ал ең соңында менменнің өзіне жаман болады.
Мына бокалдың түбіне шарап жиналатын өсінділері өте көп. Онда әдеттегіден көп шарап жиналады, сондықтан тек төңкеріп ішпесең, жөнді іше алмайсың. Бірақ солай істесең, шарап бетіңе, киіміңе төгіледі. Сараңдық та өзі жұтқанынан да көп жұтқысы келеді.
Қомағай бокалдан шарап ішу – оңайдың оңайы. Оның жалғыз ерекшелігі - томпақ қарынды елестететін ассиметриялық пішіні. Бокалға әдеттегіден де мол шарап құюға болады, бірақ оның сырт келбеті қомағайлық сияқты жиіркенішті, ұнамсыз көрінеді.
Іштар бокалдың қабырғаларында тесіктер өте көп. Оның тек түбіне ғана шарап құя аласың, сонда да ішіп жатқаныңда, шараптың жартысы тесіктерден ағып кетеді. Сол кезде тағы да кәдімгі бокалға ие болған адамды қызғанасың.
Жалқаулық. Бұл кезде тіпті бокалды да көтермейсің, сондықтан басқа біреу оны басыңнан асырып ұстап тұруы керек және шарап тура аузыңа тамып тұратын болады. Жалқаулық бір жағынан жұмыс істеткізбейді, ал бір жағынан, сені құл етеді. Бокалмен де тура солай: сен бокалды ұстап тұрған адамға тәуелдісің.