Бөдене батырлар..

Бөдене батырлар..
жеке
блог

     Қыстың ызғарлы суық бір кеші.  Дүкенге  өзімше ата-аға деп сыйлайтындармен жағаласа мен де кірген болатынмын. Сол жерде шамалы кідірген мен "елдің қамын ойлағыш данышпандардың әңгімесіне"куә болдым.  Он минут ішінде нағыз ел басқаратын асыл азаматтарымыз ауылда қор болып жүр екен ғой деген ойға келдім. Бірі:  “Біздің президентіміз ұлтымызды жер бетінен құртады қазіргі болып жатқан біліміміздің, мәдениетіміздің жоқтығына сол кінәлі десе, енді бірі мен мықты режиссер болсам әлемдік кино түсіріп, барлығын аузыма қаратар ем деп бөсті. Қызу әңгімеге қосылған үшеу бізде ақшаға құныққандар басым дінге де, тілге де  сел соқ қарайды”-  деп алдындағы ащы суын тартып жіберді.  Сол мезетте санамда арпалысқан сан сұрақтар жатты.  Қызда болсам  айткым келді:   Шала бала уйінде отырып көкігеніне мәз демекші, ауылда ауызың сасып (араққа тойған аузыңмен)  ел жайын   айтар сен емес.  Егер шамаң келсе түзет бәрін.  Бас қалада айтылатын нәрсені асханада айтып батырсынба.   "Әкеге қарап ұл өсер,Шешеге қарап қыз өсер"- деген арғы атамыз. Мына тұрысыңды көрген ұрпақтан елге ,жерге деген рухани азығы мол  білімді, білікті, саналы басшы шығады дегенге сенудің өзі қорқынышты. Рухты, саналы басшыны қойшы ата-  анасын сыйлайтын бала шығуының өзі екі талай.   Сен ауызға алған ащыңды хайуан екеш малда  татып алмайды.  Ендеше кім болғанымыз, дәрежеміз төрт түліктен төмен болғаны.

      Ауылдан ұшқан армандар aлматыға келіп қонақтайды  демекші  бала кезімдегі арманым алға жетелеп,ару қала алматыға келгенімде көп естуші едім , ШЫН ТАЛАНТТЫЛАР мен НАҒЫЗ БІЛІМДІЛЕР ауылдан шығады деп.  Сондай кездері куаныштан көкке екі елі жетпей қалатынмын.  Алайда ЫСТЫҚ мекенімнің бұл халін көргенде, шындық іздеп шарқ ұрдым.  Үлгі тұтар ағалар сендер болсаңдар біздің болашағымыз  бұлыңғыр.