Блогыңыз танымал болсын десеңіз ...
блог
Ғаламтордағы жеке пікірмен бөлісуге арналған тегін бағдарламалық қамту бүгінде интернеттің басты трибунасына айналған. Дегенмен онлайн алаңға шығып, көптің назарын аудару кез келген адамның қолынан келе бермейді. Желідегі аудиторияның сеніміне кіру үшін ұтымды әрі қызық оймен бөлісетін контент қалыптастыру керек.
Қызық оқиғамен немесе пайдалы ақпаратпен бөлісіп жатсаңыз оның қызыға қаралатын дәрежеде жазылуын басты назарға алыңыз. Әрине көптің ойы блогшыларды жарнамамен айналысатын онлайн маркетологтарға балайды. Дегенмен, блогшының басты стратегиясы өзінің сенімді аудиториясын кеңейту болып табылады. Ал мыңдаған оқырман жинау оңайға соқпасы анық. Блогыңыздың танымалдыққа ие болуы үшін тағы нендей кеңестерге құлақ түру керек? Ендеше қарап көрелік.
Блогтың мақсатын анықтап, сол межеден алыстамаңыз
Өз идеяңыздың маманы атанып, тек соның айналасындағы мәліметпен бөлісіңіз. Оқырмандар блогты танығаннан кейін әлеуметтік желілерде бөлісетіндей қызық идеяны алға тарту керек. Себебі әр бөлісу сіздің блогыңызды танымал етеді.
Жалықтыратын тақырыптан аулақ болыңыз
Жеке танымыңызбен емес, бүкіл қоғамның ойына ортақ мәселе көтеріңіз. Объективкті көзқарас қашанда көптің қызығушылығына ие болады.
Тек актуалды тақырыпты қозғаңыз
Актуалдылық – блогшының жетістікке жету стратегиясының негізі. Бастысы өз аудиторияңыздың жас шамасына сай актуалды мәселені көтеріңіз. Егер қоғамда шу шығарып жатқан тақырып болса, оны барынша жылдам талдау жасап оқырманға ұсыну керек. Актуалды блог актуалды болған кезде ғана көп оқылады.
Блогты жиі жазуға бет бұрыңыз
Жеке блог-платформаңыздың көп қаралуы үшін уақтылы блог жазу керек екенін ұмытпаңыз. Бастысы блогтар реті үзіліп қалмауы тиіс. Қаласаңыз күніне 10, аптасына 3 немесе айына 1 блог жазыңыз. Бұл өз қалауыңыз.
Форматын өзгертіп тұрыңыз
Көптеген блогшылар ақпарат берудің біртекті форматынан алшақтамайды. Белгілі бір өнімді жарнамалап жатсаңыз да, интеллектуалды көшбасшылыққа таласып жатсаңыз да бастысы қысқа бөлісуге тұрарлық кеңес немесе ақпарат бере жүріңіз. Сіздің оқырмандарыңыз сізден кеңес күтеді. Ешкімнің де блогты қарау кезінде ұйқысы келгенін қаламайды. Сол себепті өзіңізге де, оқырмандарға да ұтымды болуы үшін блогтың көлемін, форматын, мазмұнын беру циклын уақтылы өзгертіп отыруды ұмытпаңыз.
Қысқа әрі нұсқа жазыңыз
Жақсы контент тым қысқа немесе тым ұзын болуы жарамайды. Еш қиындықсыз туиттеу үшін блогтың тақырыбы 120 символдан аспағаны жөн. Егер өз блогыңызды оқуға өзіңіз ерінетін болсаңыз, оны оқырмандардың оқуына да ешкім кепіл болмайды.
Блогты жұмыс күндерінде көбірек жариялаңыз
Адамдар аптаның жұмыс күндерінде көп уақытын ғаламторда өткізеді. Сондықтан оларды бір сәт жұмыстан арылып, сіздің блогыңызды оқуға бағыттаңыз.
Браузерлерде жеңіл табылатын тегтерді қолданыңыз
Интернет қоғамында тегтерді пайдалану – жылдам өріс алудың жолы. Сондықтан блогыңызға қатысы бар актуалды ізделетін тегтерді жазуды ұмытпаңыз. Тегтер бірден Google сынды интернет браузерлерінің іздеу тізгініне енеді.
Әлеуметтік желілердің көмегіне жүгініңіз
Блогты үнемі Twitter, Facebook, Vkontakte, LinkedIn, Google+ сынды желілерде бөлісіп отыру керек. Әлеуметтік желі арқылы жаңа оқырмандарға ие боласыз. Әдетте сізді мүлде танымайтын адамдар блогыңызды кездейсоқ көріп қалып, оқуы мүмкін. Бұл орайда блогтың тақырыбы да маңызды рөл атқарады. Ол бір қарағанда, сілтемені басатын дәрежеде тартымды болуға тиіс.
Үнемі бақылап отырыңыз
Өзіңіз таңдаған контенттің оқырман аудиториясына сай келетінін анықтау үшін әрбір жазылған посттың статистикалық ақпаратына (пікір қалдыру, ұнау, бөлісу) көз жүгіртіп отырыңыз. Пікір білдірген оқырман болса, оның ойына жауап ретінде тіл қату сіздің тарабыңыздан міндетті болып саналады.
Блогыңыз визуалды қызық болсын
Instagram, Facebook және Vkontakte сынды желілерді қолданушылар визуалды контентті көбірек пайдаланады. Сондықтан блогтың мәтіндік техникасы мен медиасы (сурет, видео) сапалы әрі тартымды болуы керек. Бұл үшін Фотошоп сынды интернеттегі тегін дизайнерлік қызметтерді пайдаланыңыз.
Қарым-қатынасты дамытыңыз
Өзгелердің блогына пікір жазып, белсенді қолданушыға айналыңыз. Себебі пікіріңізді көрген блогшы сіздің блогыңызға да қызығушылық танытуы бек мүмкін. Егер блогыңызға негативті пікір қалдырылса, оған қатты ызамен қарамаңыз. Әркімнің жеке пікірі бар дегендей, онымен ортақ келісімге келуге тырысыңыз. Субардинацияны сақтау арқылы сіз жеңіске жететініңіз анық.
Өз аудиторияңызға түсінікті тілде жазыңыз.
Ресми баспы немесе интернет журналистикасының терминдерін үнемі қолданудан аулақ болыңыз. Себебі мұндай жазбаларды қарапайым оқырман түсіне алмауы мүмкін. Табылған идеяны жеңіл әрі қызық жеткізуге тырысыңыз.