Мен блогер емеспін. Әрі блогтың қалай және қайтіп жазылу керектігінен бейхабармын (Мейіргүл ханымның бір-екі жазбасын оқығаннан басқа). Өздерің білесіңдер, Массагеттің бетінен әр күні әрқандай блогтар оқып тұратын жанның бірімін. Бірақ бұл жерді жеке бастың хал-жайын жазуға ұлықсат болса да, соны әлденемен ұштастырып берген жөн ғой. Әр кәлләда бір қиял. Кім не қаласа оны жазса бұл сайттағы жеке блогтың "агенттегі блогтан" айырмасы қанша болады? Біреу нүкте жазып жіберуге дейін ұсақталуы да мүмкін. Бұл модераторға да артық жұмыс қой. Редакторға тіптен. Сондықтан сендерге айтам: "Блогтың құнын түсірме!"