Блогтур: Банк Хоум Кредит байланыс орталығы

Банкке не байланыс операторларына звондап тұрып тұтқаның арғы жағындағы адамдар жайлы жиі ойлаймын. "Қандай адам?", "қандай жерде отырады?" деген сияқты ойлар болады. Олардың отыратын жерін көбіне кинодағыдай кішкентай әйнектермен қоршалған орындықтарды елестетемін.

Ойларымның заттанатынына көзім жетіп келеді, кеше жолым түсіп "Банк Хоум Кредит" банкының байланыс (колл, контакт центры) орталығына жолым түсіп блогтурға бардым. Біз аралауға барған байланыс орталығы 2016 жылы мамыр айында ашылған. Орталық күн сайын демалыссыз 24 сағат жұмыс істейді. Байланыс орталығында 700 жұмыс орны бар екен. Барлығы 900 оператор қызмет жасайды. Маған банкты аралау ұнады. Сонымен, байланыс орталығы несімен ұнады?

1. Атмосфера. Жұмыс жасауға бар жағдай жасалған. Офис кең, таза, жарық, әрі позитивті ойларға жетелейтін мотиваторлары көп суреттер. Офисқа кірген кезде бірден өзіңді әдемі жерге түскендей сезінуге мүмкіндік береді. 

2. Заманауилық. Бәрі жаңа және "қазіргі кезде колл центрлер қандай болу керек?" деген сұраққа толықтай жауап іздеп тапқан орталық. Бұл жердегі барлығына кедергі келтіретін нәрсе шу яғни адамдардың сөйлесуі, осы шу кедергі келтірмес үшін әр оператордың столы, орталықтық қабырғалары шуды азайтуға көмектесетін материалмен қапталған, полға кілем төселген. Әр оператор жайлы кресло мен жақсы наушникпен қамтамасыз етілген. Бір оператор күніне 110 - нан астам қоңырау қабылдайды. 

3. Қызметкердің жұмыс істеуіне барынша жақсы жағдай жасалғаны. Орталықта 2 кофе-рум, 2 демалыс бөлмесі, 7 конференц-зал, намазхана, банкомат және әр қызметкердің өз шкафчигі бар. Орталық мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігін ескере отырып салынған. 

4. Жұмысқа үйрету. Жұмысқа қатысты сабақтардың жиі болатыны ұнады. Стреспен күресуге барынша жағдай жасау, қызметкерлермен жеке осы тақырыпта сөйлесу, үйрету жұмыстары жүреді екен. Банктың 11 елде офистары бар, барлық қызметкерлер идея алмасу үшін, тәжірбие алу үшін жиі бір-біріне барып тұрады. Ең қызығы бастықтардың ешқайсысының бөлек бөлмесі жоқ, бәрі бір залда отырады.

Бір сөзбен айтқанда, байланыс орталығы барлық зааманауи ерекшеліктерді ескеріп салынған. Адамның жақсы жұмыс жасауына жұмыс орнының жайлылығы жақсы әсер етеді. Орталықтың ерекшелігі бір жағына бізді де қызықтырып тастады. Банкке сәттілік тілеймін! 



Бөлісу: