Блогшымын ғой

Ия, блогшымын, бұған қуанамын. Былтырғы Алматыда өткен құрылтайда көп кісілермен танысқаныма, виртуалда біліп жүрген кісілермен жақын танысқаныма қуаныштымын. Тек қана осы екен деп ойлап қалмаңыз құрылтайдың маған бергені.

Көп білім алдым. Әрбір кірген презентациямнан бір жіп іліп шыққаным тағы бар. Әлі күнге сол жіптерім жарап келеді блогты оюлап тоқуыма :).

Неге жазып отыр дерсіз :) Естіп жатқан боларсыздар, биылғы құрылтай Астанада өтпек. Былтырғы қатысушы ретінде, дүдәмал ойда жүрсеңіз сәл де болса септігімді тигізсем деймін шешім қабылдауға :).

Блог-құрылтай не береді?

Тәжірибиелі блоггерлерден тренинг алуға болады Алыс-жақын блоггерлермен етене араласып, достар табуға болады Стартап бойынша ойда жүрген жобаны қаржыландыруға болады Кәсіби өсу үшін алғашқы баспалдақ та бола алады Психологиялық тұрғыда көпшілік алдында сөз сөйлеудің қыр-сырын үйренесіз Өз білгеніңізді өзгеге үйрете аласыз Қазақ тілінің мәртебесін өсіруге белсенді қатыса аласыз Астананы бұрын көрмеген болсаңыз басқаламен танысасыз

Осы жердегі сауалнамаға қатысып көріңіз https://docs.google.com/spreadsheet/viewform?formkey=dFZaVkFkcWdRSGVwMnFZalJYaVJLUWc6MQ

Айта берсе көп екен, қысқа қайырғанда осы :) Астанада кездеселік, Сіз келесіз?



Бөлісу: