Блогосфера тағы бірер блогпен толықты

Блогосферадағы жас буын өкілдерінің қарқыны жаман емес. Күн санап күрт артқан блогтар саны мен блогосфера тақырыбын төңіректеген отырыстар осыған сөзімізге айқын дәлел.

Жақында командамыздың мүшесі, блогшымыз Еркебұлан Қайрахан «Алтын Орда» зияткерлік жастар клубы ұйымдастырған «Жаңа медианың мүмкіндіктері: Блогосфера» атты отырысқа басты қонақ ретінде шақырылды. 

Еркебұланға қатысушы жастар блогосфераға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қызу пікір алмасты. Блогшы ретіндегі жеке пікірімен, жинаған тәжірибесімен бөліскен Еркебұлан қатысушыларға өздерін қызықтырған сайтта қалай блог жүргізуге болатыны туралы айтып берді.


Әлбетте, блог жүргізгеннің бәрі блогшы емес. Отырыста басқа да әлеуметтік желілерді қалай қолдану керектігі жайлы сөз қозғалып, ең бастысы, "Қалай блогшы болуға болады?" деген сұраққа жауап ізделінді.

"Ақпараттық кеңістіктің саяси процестердегі рөлі үлкен. Ол - адамды тәрбиелеудің, үгіт-насихат жұмыстарының басты құралы",- деді Еркебұлан. 


Шара соңында "Алтын Орда" жастар клубының мүшелері өздеріне казжур.кз, массагет.кз желілерінен жеке блог ашып, блогосфера әлеміне бірінші қадамдарын жасап тарқасты. Іске сәт, жас блогшылар! )



Бөлісу: