Блогқұрылтай 2013.Шымкент
блог
Блогқұрылтай 2013.Шымкентке ұшар едім.Қанатым жоқ.Еліміздегі қазақтілді ақпараттық технология саласындағы азаматтармен тілдесу қазірше арман боп тұр.Шынымды айтсам,бұл құрылтай жайлы мүлдем естімеппін.Жыл сайын болып тұратынын.Компютерім болды,ғаламтор болмады.Пәтерден пәтерге көшіп жүрген қазақта ғаламтор қайдан болсын?Ұялы байланыс қызметіндегі ғаламторды енді қостым-ау деген кезде компютер ұрланды.Хош,сонымен не керек,арзанқол смартфонмен кіріп жүрмін ғаламторға."Арзанның жілігі татымас" дегендей,смартфонымның іздеу жиілігі тым аз.Амал жоқ,ғаламтор деген "дертке" алданышым осы ғана.Күнделікті жаңалықтарды,достар арасындағы хат-хабарларды осы кішкентай құрылғының арқасында біліп отырамын.Блогқұрылтай жайлы да осыдан білдім.Не істейміз?Шымкентке бара алмасақ та,жиын барысын Фейсбуктан біліп отырамын.Ендеше,іске сәт!