Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы
блог
Ассалаумағалейкүм!
Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы (қаралай нұсқа):
БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама
1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)
9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
16.30 – «Бәйшешек» лагеріне жиналу, автобустарға отыру.
18.00 – «Бәйшешек» лагеріне жайғасу.
19.00 – кешкі ас.
19.30 – 23.00 – еркін уақыт.
2-күн
«Бәйшешек» лагері
9.00-10.00 – таңғы ас
10.00-11.00 – 4-сессия
11.00-12.00 – көже брейк
12.00-13.00 – 5 сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-19.00 – еркін уақыт
17.30 – кофе брейк
18.00 — қорытындылау, марапаттау
19.00 – қалаға қайту
Ескерту: бағдарламаға біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Неге сессиялар арасы 1-сағаттан? Оның екі себебі бар:
1) Адамдарды жалықтырмау.
2) Тәжірибе көрсеткендей адамдар іс-шаралардың бейресми бөліктерінде араласуы, танысуы, сөйлесуі жақсарады. Яғни, ынтымақтастық артады. Бағдарламадағы кофе-брейктердің уақыттарының ұзақтығы және жиілігі сондықтан.
Еркін уақыт дегеніміз не? Блогшылардың оффлайнда бір-бірімен жақынырақ танысуы, жақынырақ араласуы үшін сұхбат құруы, спорттық ойын түрлерін, жарыстар ұйымдастыру, тауға шығу т.б., яғни, ұйымдастырушылардың емес, блогшылардың өздерінің инициативаны өз қолдарына алып, өздеріне қызықты нәрселерді ұйымдастыруы.
Құрылтай 23-і күні басталатын болғандықтан, 22-ші наурыз не онан да ерте келетіндерге бір қонақүйді немесе пәтерді барынша арзан бағаға бронь жасап қоямыз (әлі нақтыланады). Бірақ, ол келушілердің өз қаржысымен жүргізіледі. Яғни, келушілердің өздері төлейді. Ол үшін алдын-ала 8 778 302 73 88 (Данияр) номеріне хабарласып, нақтыласаңыздар жеткілікті.