Блогқұрылтай-2012. Қорытынды.

Көптен күткен Блогқұрылтай-2012 да мәресіне жетті. У-лап, шу-лап өз ауылдарымызға тарастық. Қалғандары қалды. Енді алдағы апталықта осы құрылтайдың қалай өткендігі жайлы сөз қозғалатынын ішім сезеді. Балғын (свежий) еспен Блогқұрылтай жайлы біраз ой-толғанысымды жазғым келіп тұр. Негізі поезда келе жатқанда жазған едім. Эмоциям да балғын кезде )))

Сын айтқан соң, жақсы жағын да айта отыру керек дегенді естігенмін. Сондықтан әрбір пунктен минусы мен плюсын жазуды жөн көрдім.

Ұйымдастыру


Астаналықтар барынша тырысқаны көрініп тұр. "Ұйымдастыру әр қатысушының өзіне жүктеледі" - деп Талғат Байназар сан рет қайталағанмен көбінің есінен шығып кете берген сияқты. Қарапайым мысал, кофе-брейк кезінде асханадан кейін әркім өзінің артынан жинап кету керек болған. Біз "все-таки" ресторанға барған жоқпыз ғой. Алайда, бұл ешкімнің басына кіріп-шықпады. Кейін ғана аспазшылардың біраз қапыда қалып жүргендерін байқап қалдым.

Одан басқа «проектр жөндеп беру, кімге не керек, видеоға түсірейін бе, тайм-кипер қажет емес пе?» деп жүгіргендерді байқай алмадым.

Ал былайынша Астаналықтардың риясыз еңбектеріне үлкен алғыс! Әрқайсының жүзінен «жақсы өтсе екен» деген ниет көрдім.

Препати


Препати жайлы «Ауылдағы тойға ұқсап кетті ғой: класстасының класстасы келген» деген пікір естіп едім. Менің де айтарым сол болды. Бірақ бір жағынан препати қызық болды. Өйткені көптеген виртуалда араласып жүрген интернет қолданушыларын көріп, суретке түсіп, мәре-сәре болдық. Танымайтын адамдар көп болды. Сол жерде танысу ойынын ба, әлде жалпы танысуды ұйымдастыруға болар еді. Өйткені, Құрылтай біткен соң көптеген қолданушылардың келгенін естіп жаттым. Бірақ суреттерін көрмеген соң, сондық таныса алмай кеттім.

Құрылтай күні. Презентациялар


Осы жолы, өз басыма пайдалы презентациялар аз болды. Бірдеңеге үйрететін, білім базамызға қосып қайтатын дегендей... Енді біз интернет айналасында көп жылдар жүргендіктен біраз ауқымды нәрсе көргіміз келетіні анық. Алайда жасалған презентациялар Интернетті жаңадан меңгеріп жатқан жастарға қызық болды деп ойлаймын. Осыдан кейін жақсы нәтижелер шығып жатса тек қуанамын.

Тіркелгендер тізімін қарасақ, көптеген қызықты тақырыптар айтылған, бірақ көбісі келмеді, келгендер презентацияларын көрсетуден жасқанды ма... Айконаның «Пиар маркетинг» жайлы презентациясы ұнады. Осы қызға қазақ интернетінің №1 пиаршысы деген атақ беру керек. ))

Ынталандыру сыйлықтары да көптеген жаңадан ашылып жатқан сайттарға табысталды. Сәттілік тілеймін!

Автепати


Сырғанаққа бармадым. Мафия ойнадық. Күшті болды.)) Қаланы аралап, қыдыру жағын өзіміз бірдеңе істедік. Әйтеуір қытайлық қонақтар да адаспай, қалада қыдыра алды деген үміттемін. )

Қатысушылар

Неге екені, осы жылы қатысушылардың көбі интернеттен жырақ адамдар болған сыңайлы. Біраз танымайтын адамдарға жақындай қалғанымда, «еш жерде жоқпыз, жай келдім» деген сияқты пікірлерді естіп қалдым. Не дегенмен интернеттің майталмандары көбірек келгенде дұрыс болар еді. Блог жазбаса да, пікір жазып жүрген қолданушыларды айтпаймын. Олар негізі пікір жазып та, көп үлесін қосып жүр ғой... Бірақ енді сол саруыз балапандай келген жастар осы құрылтайдан кейін блог бастап, қазақ интернетіне үлес қоса бастаса жақсы болар еді.

Келесі Блогкэмп қайда өтеді?

Блогкэмп аяқтала салысымен келесі Блогкэмптің өтуі жайлы сөз қозғалды. Небір қалалардың аты аталып, мойындарына алатын қатысушылар да шықты. Бірақ... осы құрылтайда байқағандай, ұйымдастыру оңай іс емес. Екінші жағынан үлкен компаниялардың, БАҚ өкілдерінің келгені дұрыс. Ал олар кез-келген жерге бара бермейді. Оданша орталық қалаларда өтіп, үлкен спонсорлар тауып, үлкен компаниялардың жолдарын, жатын орындарын төлеп бергені дұрыс болар еді. Опера, Майкрософт, Мозилла, Яндекс, Гугл компанияларын көргім келеді. Үлкен жобалардың авторларын көргім келеді. Сондай адамдардың өздері келіп, бізге 1-2 презенация жүргізсе Блогқұрылтай әлдеқайда пайдалы болар ма еді... Егер осындай нәрселерді қамтамасыз ете алса, кез-келген қалаға баруға болады.

Пы. Сы. Көптеген блоггерлермен, интернет қолданушыларымен таныстым. Барлықтарыңызға рахмет. 



Бөлісу: