Блогқұрылтай - 2012 алдындағы көңіл-күй

Бүгін 20 наурыз ) Ертең 21-і )

Блогқұрылтайға бір күн қалды ) Наурыз мейрамына 2 күн бар)

Ертең Астанаға аттанамыз. Сенер емеспін. Астанадағы таныстарым күн ызғар дейді. Мейлің, маған блогшылар қауымының жылы ортасы да жетеді )

Былтырғы блогқұрылтай есімде. Ол кезде өз басым осыншалықты күтіп, толқығам жоқ. Рас айтам. Бара салдық көппен бірге )

Биылғы көңіл-күйім ерекше. Бір жасқа есейген блогшылар қауымын көрудің өзі қандай бақыт! ) Өмірі көрмеген блогшыларды ше? Мүдделес, ниеттес блогшылар қауымы жаныма ерекше жақын.

Әлгінде теледидарда жасайтын бір танысым: "Естілмей кеттіңдер ғой, блогқұрылтайдан кейін" деп қағытып өтті. Естілеміз. Естілгенде қандай? )

Жұмыс қауырт. 22 наурыз арнайы рубрикасына елге қажет материалдарды үсті-үстіне төпетіп жатырмыз. Осы жолғы Наурыздың лебі де ерекше есіп тұрғандай. 

Жалпы, толқып отырмын. )



Бөлісу: