Блоггердің махаббаты

Мен жазушы да емеспін, блоггер де емеспін. Бұл жай мен үшін хобби болған, к е з і н д е! Бір күні мына жағдайға ұшрамағанымда...

  Алматыда күздің мерзімі айқын көріне бастады, ағаштардағы жапырақтар сарғыш тарта бастаған. Желдің лебі жерге түскен жапырақтарға маза берер емес. Күз менің ең жек көретін маусымның бірі еді. Күз келсе мен жазушылық хоббиіммен айнлспаушы ем, дегенмен бүгін шабыт қолыма қалам алуға мәжбүр етті. Әдеттегідей мен суреттеуден бастағам. Мен үшін Қазақстандағы ең көрікті жер тек Каспий теңізі болатын. Өзім онда болмасамда жан дүнием сонда тартатын. "Суық самал жел саялаған қала алаңында адам қарасы көрінбейді. Тек көше шетінде гүл сататын әйлдер мен газет сатушылардың үні бірең -сараң шығып тұр." - ары қарай қаламым тоқтай қалды. Мен Ақтауды суреттеген сайн жаным ләззат табатын, түк кейіпкер қосқым келмйтін. Терезе алдында отырғанымда аспандағы сұр бұлттардың арасынан сәуле нұрын шашқысы кеп тұрған күнді байқадым. Тура бір сұлу жүзді, қыздың бейнесін байқадым, содан қаламым дереу сол алаңға қолшатыр ұстаған қызды қосты. "Алаң ортасында желмен пальтосы ойнақ салып келе жатқан, қолшатырын бағындыра алмай келе жатқан сұлу жүзді қыз көрінді. Жақындаған сайн, оның ажары адам тартарлық нәп -нәзік болатын, қиылған қасы мен шиедей қызыл еріні жан - жаққа сәуле нұрын төгіп тұрғандай" - қалам тағыда тоқтады. Бір қарасам салалы саусақтарымда сабырсыз діріл бар. Жүрегім кеудеге сыйар емес, қазір - ақ сол қыз есікті ашып кірердей көрінді. Оның жұпар иісі елестеген сайын есті ауыстырады. О Құдай, ес ауысты ма? Әлде қалай? Рас, рас жүрегім аузыма сыймай бара жатыр. Әлгі қызды мен тіпті бір параққа қызғанғаным ғой. Иә. Қызғандым, оның сұлу жүзді екенің ғана жаздым. Ал оның мейірбаң жүрегімен сөйлеген бал тілі менің жүрегімде саялай берді де қалды. Мен қиял қызға ғашық болдым ба? Бір сәт құлағма "иә" деген сыбыр естілгендей болды. Дереу қаламды қойып, төр бөлмеге барып теледидар қоссамда әлгі қыз естен кетер емес...

    Арада үш күн өтті. Үш күн бойы сол қызды суреттеппін, есімінде қойппын. Гауһар. " Гауһар институтта оқитын, үнемі сабақтан соң оны бір жігіт үйіне дейін шығарып салушы еді" - әрие ол мен! Өзімді қалай қосарымды, білмедім, дегенмен екеуін  сол жауынды кеште таныстырдым. (Таныстым деуге болады.) Ол мен елестегенненде керемет болатын. "Сабақтан соң мен оны үнемі жақын жердегі кафеге апаратынмын. Оның әлемге деген көзқарасы менікіндей екен, айтылған әр әңгімеміз орынды болатын. Солай мен оны киноға шақырғам. Иә. Расымен де мен Гауһармен киноға барғам. Екеуміз махаббатқа толы кино  көргенбіз. Арада махаббатың аптасы өтті. Гауһарға деген ғашықтық дертім өрши түсті, онсыз өткен күн тозақтың отында өртенгендей көрінді." - Осылайша мен бір апта бойы сабаққа да бармай, бөлмеденде шықпай отырыппын. Білген - көргендер мені кинотеатрға екі билет алып өзім, жалғыз кіргенімді айтады. Олар сонда Гауһарды қалай байқамаған?!. " Бұл күндері Каспийдің толқындары жағадан өшін алғандай соққылап жатты. Мен бүгін өзімнің сүйген қызыма сөз салмақшымын. Екеуміз алғаш кездескен алаңға шақырғам. Қызығын - ай күн сол кездесудегідей жауын шашып тұр. Сағат бестерге таман алаңға қрай беттедім, қолшатырсыз жүру мүмкін емес, қап осы жауынның тоқтары барма?! Алаңда тұрғаныма сағат болды, қоңырау шалсам көтермейді. Жүрегім бір гәпті сезіп тұрғандай ала - құшып тұр, соғысы салқын терді шығарады. Бір сәт көшенің бір шетінен  жедел -жәрдемнің дамылдаған дауысы шықты. Аяғым бағындырмастан сол жерге беттеді. Жақындаған сайын жүрегім аузыма тығылардай болып тұр," О,Құдайм тек ол болмаса екен, ол болмаса екен" -деумен келемін. Көзім жетпеседе, көрмеседе, сенбеседе көзімнен жас бұрқ етті. Дереу тоқтап қалдым, мүмкн Гауһар алаңда тұрған болар деп қоңырау шалғанымда, жақын жерде таныс әуен ойнай бастады. Алла! Мүмкін емес, бар күшіммен жүгіріп, жиылған халықтын арасынан итере бергенде.... Менің, мен сүйген пріштем, ғашығым. Жоқ мүмкін емес. Қос тіземе отыра қалдым, жауынменен араласқан қаны қолымда жағулы. Құшағыма басқым келді, басқым келді... Әттең. Жүрегімің еті жыртылғандай бар күшіммен айғай салдым. Айырылдым, сәулемнен айырылдым. Қош, қош енді мен сүйген Гауһар." - қолымда әдеттегідей қалам жоқ. Көзімді ашқанда алдымда дарға асылар жіп қана тұр. Сол сәтте үстімнен салқын тер бұрқ етті. Дереу үстелден түтім, қол -аяғым діріл ұстап тұр. Бөлмем, бөлменің жары қаламмен сызылған. Ақ парақтар бөлме ішінде шашулы. Өз - өзімді әрең ұстап тұрымын. Көзім бір сәт терезе сыртындағы құбылысты шалды. Қыс екен, қалаң қар ауламды жауыпты. Ес жимастан сол жерде құладым...



Бөлісу: