БЛОГЕРСЫМАҚ БӘЗБІРЕУЛЕР ТУРАЛЫ немесе болашақ редактордың сөзі

Құрметті массагеттік блогерлер! Әсіресе, журфактың студенттері! Сіздер жазба немесе пікір жазып отырғанда алдын-ала оқып шығасыз ба не жазғаныңызды? Түсінбеймін... Неге көп қателіктер кетіп жатыр жазбаларда? Болашақ редактор ретінде қате көрсем болды  “ашуланып” шыға келемін. Жә, студенттерді қойшы, “бас құдалар” (тіке айтпай-ақ қояйын) неге өздерінің логикалық қисынсыз сөздерін жариялағанға мәз болып отыр? Жаңа ғана солардың біреуінің пікірін оқып күлкім келіп отыр...

         Жақсы, қате жазсаңыздар, жаза беріңіздер... Бірақ сол қателердің бұл сайттың имиджіне нұқсан келтіріп жатқанын білесіз бе? Имидж құрысын делік, осындай қателер жіберіле беретін болса, бұл сайт әлгі “арзан” әлеуметтік желілер сияқты құнсызданып кетеді! «Қазіргі жастар оқымайды, білім жоқ» дейміз. Жоқ, олай емес. Жастар “анау-мынау” емес, талантты, бірқатары белгілі бір олимпиаданың жеңімпаздары болса, енді бірі жас ғалымдар... Қазір, бәсеке заманы. Ешкім ешкімнен қалғысы келмейді. Бұнымен мен не айтқым келіп отыр? Жастар бір нәрседен көңілі қалса, енді оған ат басындай алтын берем десең де қайта көңіл бұрмайды. Міне, massaget.kz сайтының да қате-қате болып, елеусіз қалып, көптеген блогерлердің көз майын тамызып (кейбіреулердің ИНТЕРНЕТЖУРНАЛИСТИКА САБАҒЫ ҮШІН ҒАНА ЖАЗА САЛҒАН) еңбектері құнсыз болып қалмаса екен деген тілегім бар. Сол үшін әрбір жазған сөйлемімізді ең болмаса бір рет оқып шығайықшы.

P.S.: Баспа ісі – басқа кісі. )) Кітапханашы. ))  Өй, баспа ісінде оқисың ба? )) Кешіріңіз! Редакторлар болмаса, ешқандай сауатты ғылыми еңбек те, мектеп оқулығы да шықпас еді! Көзіміз ашық болмас еді. Менсінбей, мұрындарыңызды шүйіргенше, логикалық қисынды ойлап, грамматикалық қателеріңізді жөндеп алыңыздаршы!



Бөлісу: