Азаматтық журналистиканың дамуы қай кез? Журналистика өзінің міндетін орындай алмай жатқан кезде дамиды. Блогерлік журналистканы ауыстырмайды керісінше журналистканың әлі келмей жатқан жерінің орнын толтырады.
Ғылыми танымдық журналистика деген тағы бар. Қазір қоқыс ақпарата көп соны айыру керек, ақпаратты фильтрлеу заманы. Көп ақпарата білу емес оны сараптау маңызды. Енді осыны түсіну үшін ғылыми танымдық журналистика қажет.
Ақпаратты қалай фильтрлеу керек
1.Эксперимент.
Үй жағдайында емес ойша эксперимент жасауға болады. Мысалы балықтардың барлығы жүзеді демек жүзетін нәрсенің бәрі балық. Осыдан Китте жүзеді сондықтан ол да балық дегенге саяды. Міне ол жалған дүние
2. Логика
3.Сауалнама. (Көпшілік не дейді емес, сауат деңгейіне назар аудару)
Блогер минусы мен плюсы
Блогер болу ешқандай артықшылық емес. Кез келген қойшы блогер бола алады. Блогер болдым мен тек шындықты жазам, өйткені, ақша алмаймын деген пікірдегі адамдар бар. Ақша – шындықтың өлшемі емес.
Блогерде инструмент жоқ. Ол монтаждау білмейді. Ол велосипедті қайтадан ойлап табуға тырысады. Журналистер әбден мүжіп сүйегін лақтырып жіберген нәрсені жүгіріп барып қағып алады.
Блогердің көзі көп нәрсеге үйренбеген. Мысалы журналист әкімнің алдына барса барлық құйтырқылықтарды біледі. Себебі, әбден еті үйренген. Ал диванның үстіндегі блогерді соған салсаң. Мысалы Бардюрлары сырланған, оқушылар флажоктармен неше түрлі тамақпен күтіп алған жерге апарсаң, «Мәссаған мына жер дамып кетіпті ғой» деп мақтап жатады да. Ал журналисте иммунитет бар анша-мұнша нәрсеге таңқалмайды.
Блогер плюстары
Блогердің артынан ешкім қуып келе жатқан жоқ. Ол асықпай іздене алады. Сондықтан блогердің сапасыз жазбасына ешқандай ақтау кешірім жоқ. Журналисте ақша болса блогерде уақыт көп.
Блогер басқа бір мамандықтың иесі бола алады.
Әлеуметтік желідегі белсенділерді блогер деп атау блогерліктің құрдымға кетуі емес дамуы келесі деңгейге өтуі. Блогерлер бұрын өздеріне плаформа ашып сонда ғана жазып үйреніп қалды. Оған әлем кінәлі емес. Әлем дамып келе жатыр. Жұрт қазір өз блогын желіге жаза береді. Блогплатформа болу керек деген «диплом алсаң болды сен журналистсің» деген сияқты.
Блогер болу үшін жазбау керек, ойыңды айту үшін блогер болу керек
Журналист деген сөз кемі пресса деген куәлігі бар, жоғары оқу бітірген адам.
Ал блогерге "сауатты блогер", "қараңғы блогер" тәжірибелі блогер" деп анықтамамен бірге айтпаса сипаты ашылмайды.
Әккі блогер бастауыш журналистті шаң қаптырады. Сондықтан журналистті де анықтамасыз қолданбаған жөн.
Арзанқол журналист, нағыз журналист, т.б.
Блогер инструменталды өз ақшасына сатып алып, өзі сюжетті өз ыңғайына қарай жасай алады.
Инструментті де, форматты да өзі таңдайды.
Жалпы блогер немесе журналист деген жоқ.
Эксперт блог жүргізсе, эксперттігі азаймайды. Блогер журналист болса, блогерлігі нашарламайды, толыса түседі. Журналистке де блог жүргізудің зиянынан пайдасы көп. Сондықтан бұл бөлініс бұдан әрі өзектілігін жойған.