Бүгін жолда келе жатып радиодан блог туралы хабар естідім. Массагет саитында тіркелуге болатынын білген соң өз блогымды жүргізуге бел байладым. Жастық шағымда күнделік жазып арман қиялымды қағаз бетіне түсіріп ішкі жан дүниеммен сырласатын әдетім бар еді. Жол үстінде радиодан шыққан тілші қыздың сөзі себепші болып блог жүргізуге шешім қабылдадым. Бірақ интернет жүйесінде күнделік жазудың қандай қыр сыры бар екен? Мүмкүн осы тақырыпты жете білетіндер өз ойларын айтса деген тілегім бар. Қысқасы блоггер болу қиын ба? Алғашқы жазбам қысқа болды. Келесіде өз ойымды жинақтап нақты тақырыпқа жазу қажет шығар сірә...