BlogCamp 2014 шақырады!
блог
"BlogCamp"- биыл блогерлер жиылысы 4- рет қатарынан өткелі отыр. Өздеріңіз білетіндей немесе жаңадан білгендеріңіздей қазақ тілді блогерлердің жиылысы төртінші рет 23-24 наурыз күні Қарағанды қаласында өткелі отыр.
Ең алғаш блогкэмп Алматы қаласында 2011 жылы Асхат Еркімбай мен Ербол Азанбектің бастауымен ұйымдастырылып, жыл сайын Қазақстанның әр қаласында өтіп тұруға бастау алған болатын. Келесі жылы 2012 жылы Астана қаласында өткен болса, былтыр 2013 жылы Шымкент қаласында өткен болатын. Ал биыл Қарағанды қаласында өтпек.
BlogCamp дегеніміз- дүние жүзіне кең таралған жаңа медиа өкілдерінің жиыны. Өзіміздің тілмен айтқанда — «Блогшылар құрылтайы». Толығымен блогкэмп сайтынан біле аласыздар. Бұл жерде сіз тәжірбиелі блогшылармен тәжірбие алмаса аласыз және 7-8 жыл блог жүргізіп келе жатқан адамдардан блог жүргізудің қыр-сырын үйрене аласыз және ең бастысы виртуал әлемде таныс болып жүрген блогшылармен шынайы өмірде танысып, жақын достар бола аласыз.
BlogCampке қалай қатыса алам? Егер қандай да бір блогтұғырда блог жүргізіп жүрген болсаңыз мына сілтеме арқылы тіркеле аласыз (соңғы тіркелу 18 наурыз) және ең бастысы сіз Массагет сайтының блогері болсаңыз осы жердегі блог адресіңізді көрсете аласыз. BlogCampке ешкім шаықырылмайды, әр кім өз қалауымен келеді.
BlogCampтің жол, тамақ, жатын орын шығынын өзіңіз өтейсіз. Ұйымдастырушылар сізді күтіп алуды, сізге орналасатын жерді табуға және қала бойынша ары-бері жүріп тұруға жол сілтей алады.
Биылғы BlogCampте сізді не күтіп тұр?:
- «Ұйқыашар», «Селт еткізер» байқауы. толығырақ.
- «Блогқұрылтайларға» шолу байқауы. толығырақ.
- Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған бәйге жарияланады, толығырақ.
- Старт-ап жобалар байқауы, толығырақ.
- "Блогиада" жобасына қатысатын 32 блогшының іріктеу кезеңінің қортындысы. Толығырақ.
Өздеріңіз байқағандай биылғы блогкэмп әркімге үлкен мүмкіндік ұсынып отыр, өзіңді таныстыруға да, өзгеден жақсы тәжірбие жинауға да, сондықтан да биылғы BlogCamp мақсаты "Саннан-сапаға" болып отыр. Әрі бағадрлама аясында бәрімізге Қарағанды қаласымен жақсылап танысуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан да, келемін дейтін ойларыңыз болса, мына жерде шара міндеттері көрсетілген. Ал мына 9 ережені жатқа білуіңіз қажет :). Қосымша ақпаратты фейсбуктегі топқа қосылып, сол жерден білсеңізде болады.
Пы.Сы.Үш жылғы блогкэмптың куәгері ретінде жазған әсерлерімді оқи отырыңыздар: 2013 жылғы БлогКэмп, бейресми кездесу, Блогкэмп 2012 Астана қаласында көрме қатар келіп жаза алмап ем Анараның жазған ойымен бөлісейін, Блогкэмп 2011 әсерім.
Мен биыл тағы барамын, ал сіз барасыз ба?