Мінекей менде блог аштым ағайын! Сіздерден қалмайын деген ниетқой))) Бұл блогты өзімнің басым жетіп ашқаным жоқ, Гүлжан Серік деген курстасымды қуып жүріп әрең аштырдым. Өзім шұқылап көріп едім, онымнан түк шықпады.
Негізі Kazjur да блогым болған. Біраз шимай-шатпағымыз сонда жарияланып тұрды. Негізі мені танитын шығарсыздар? (Танымал адам құсап осылай сөйлеп тұрсаңда, иншалла осыдан кейін танылып кетерміз) Жұрттың бәрі осында көшіп жатыр деп есітген соң бізде көштен қалмай көшіп келдік. (Оралман деп сөге көрмеңіздер)
Сонымен не дейміз, "Массагет" 1 жасқа толған екен құтықтап қоялық! Ғұмыры ұзақ болсын. Базар жоқ, істеп жатырсыңдарғой)) Келесі жылы бірге тойлаймыз.
Ал, қадірменді ағайын, құрметті достар бірігейік, бір болайық деп үндеу айтып кетсең иә))) Бір-біріміздің шимайларымызды оқып, пікір қалдырып, кем-кетігімзді түзетіп тұрайық? Танысып-табысып, арласып тұрайық, әсіресе қыздар (жақсы ниетте) Қыздарды өте қатты жақсы көрем. Өйткені қыздар мені жек көреді))
Осы жерге дейін оқып келіп, бұл бала өзі қандай тақырпқа жазады екен деген ой ешқайсыңызға келген жоқ білем, сонда да айтып кетейін. Менен сатира жанрын күтсеңіздер болады, әлеуметтік мәселені бәріміз жазамыз. Спорт тақырыбына қаламымды әуре қылуым мүмкін. Фоторепартаж жасаймын. Тоқетрін айтқанда жазбайтын тақырбым жоқ, бәрін жазам! Сіздер ұсыныс тастасаңыздар да болады? Ананы-мынаны жаз деп! Жазған шимайым сіздерге ұнаса болды оқырмандарым! Олай болса таяқ жерге тасталды, менің блогым басталды. Іске сәт! Жақсы жазбамен сіздерді қуантамын деген ниеттемін...