Білімді болам десеңіз....

Білімді болам десеңіз....
жеке
блог

Кітап оқу бізге не береді?
"Кітап білім бұлағы.. " деген мақалды білмейтін қазақ жоқ. Осы сөздің байыбына барсақ білімнің бұлағына теңегенін байқаймыз. Бұлақ деген жер астынан жарып шығатын қайнар көз. Ол адамның шөлін басып қана қоймай айналасына салқын нәр жеткізіп көк шығарады. Одан шыққан су таза әрі қанша ішсе де азаймайды керісінші мөп мөлдір болып атқылай береді. Міне, кітап дегеніміз де осындай. Адам қанша білімді кітаптан алады? Ал кітаптағы білім ешқашан азаймақ емес. Керісінше оның қадіріне жеткен білімді адамдардың арқасында одан әрі жетіліп дами түсуде. Осыдан 5-6 жыл бұрын қоғамымыз кітап оқитын қауым азайып барады, жастардың санасын ғаламтор торлады деп дабыл қаққаны рас. Ал қазір керісінше сол ғаламтордың өзі кітап оқитын қауымды көбейтіп жатыр. Сол қауымның дені жастар. Өйткені қазір адамға қарағанда смартфондардың саны көп. Ал смартфондарға электронды кітап жүктеп алу еш қиын емес. Оның үстіне қазір жастарға арналалған кітап жазатын авторлар көбейіп келеді. Оның ішінде мотивациялық кітаптардың айы оңынан туып тұр. Жастар сол кітаптарды үлкен қызығушылықпен оқиды. Ал ол кітаптарда көбінесе кітап оқуға үгіттейді. Соның әсерінен жастар өздері қаламаса да кітап оқиды. Кітаптың қызығына түскен адам одан әрі кітап оқығысы келіп тұрады. Осылай біздер қоғамды кітап оқуға беймдейміз. Бірақ кітап оқып жүрген адам әсте қазақ әдебиетінің жауһарларынан аттап кете алмайды. Ол заңдылық. Ал ол шығармалар тұнып тұрған ұлттық құндылықтар, таза тіл байлығы және тарих. Осылай біз электронды кітаптар арқылы нағыз елін сүйетін патриоттар дайындап шығамыз. Мен студентпін. Біз мектеп жасында оқып жүргенде әдебиет пәнінің оқулығында қазақтың маңдай алды щығармаларынан үзінделер беретін. Оған 2-3 сабақ арнайтын. Біз сол шығармаларға талдау жасап қызыққандарымыз толық нұсқасын тауып оқитын едік. Мен сөйтіп бірнеше белді шығармаларды толық оқып шыққам. Қазір де кітап дүкенін жағалап жүріп сатып алып оқимын. Ал қазір оқуылықтар жаңа бағдарлама бойынша жазылады. Онда шығармалар берілмейді. Оқушылар әдебиетке көп қызыға қоймайды. Сондықтан өзімнің замандастарыма артымнан еріп келе жатқан оқушы қауымына айтарым кітап оқуға асығыңыздар. Әсіресе әдеби кітаптар. Әрине әлеуметтік желіде отыру қызғырақ. Бірақ бізден бөлек әлемге сапар шегіп,өзіңнің кім екеніңді түсіну үшін кітаптың жөні бір бөлек. Заманнан заманға, ғасырдан ғасырға бұзылмай жететін бұйым бар болса ол-кітап!

 

Рахат Қалиев

Атырау қаласы

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ 

2 курс студенті