Білім туралы қорқынышты ой

Білім туралы қорқынышты ой
жеке
блог

Бүгін бір құрбым тестке кірді. Ұйықтап жатсам, телефон соғып, интернеттен бір сұрақтың жауабын көріп берші деп өтінгені. Әрине, жаным қалмай ұша тұра келіп, ноудбук құшақтадым. ««Абай жолы» романында Шәкәрім қандай лақап атпен кездеседі?» дейді. Білуімше, Мұтылған, жоқ, ол мақалаларын осы атпен жазды, ал романдағы бейнесі ше? Керім! Жоқ, бұл «Абай» драмасындағы аты. Енді кім болды екен? – Шұбар болуы керек! Дәл өзі екен. Әлгі қыз қуанғанынан қалтафонын өшіріп алды. Интернет енді ғана қосылыпты. Енді керек емес. Болды. Қайта жатып, демалайын десем, ой орманында адасқаным...

Сөйтсек, қазіргі біздің студенттер техниканы өз пайдасына әртүрлі айламен жаратып-ақ жатыр екен. Агент, телефон, SMS, блютуз және ең бір аңызға айналғалы тұрған «шпоры». Бұлардың барлығы да студент лексиконында «киелі сөздер» боп саналады.

Тестті алдағысы келетін достарым бар. Періште болмай-ақ қояйын, өзім де сөйткенмін. (Өзіңді жөндеп ал демеңіз). Біз бүгін біреуді алдаймыз, ертең басқаны... осы тізім өмір өткенше жалғаспақ секілді. Кеше президент келді дедік, жастар жалындай боп қарсы алды. Ел риза, әйтеуір. Тақ-тақ етіп, сөйлеп беріп, үлкенді де алдаудың шебері болып алғандаймыз.

Мұным жастарды түгелімен ширатып, бірлігін шашыратқысы келгеннің ойы емес деп түсініңіз. Әлгіндегі мысалдан түйгендеріңіздей, біз білімді қалай, қандай жолмен көрсетіп жүрміз. Құдай-ау, адам санасындағы білім ескірсе, жарамсыз қалса макулатура етіп өткізе салатын дүние емес қой...