Білім саласындағы үштілділік
жеке
блог
блог
Құжат.А
«Мәдениеттану» мамандығы 4курс
Ғылыми жетекші
Ғабитов Т.Х.
филос.ғ.д., профес
Білім саласындағы үштілділік
Бүгінде еліміздің өркениетті болашақ жастары білім саласында ерекше орынға ие әрі білім саласында күллі ел әр түрллі жаңалыққа құмар. Яғни елдің білікті де білімді болашақ ұрпағын даярлау аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әр елде білім деңгейі әр түрлі. Мысалы, Азия елдері болашақ ел ертеңін қалай тәрбиелейді... Соның ішінде Қытай оқушылары бүгінде білім саласында аса ірі жетістіктерге ие. Олай дейтініміз, Қытайлық ата-аналар балаларын техникалық мамандықтарға қарай бейімдейді. Жоғарғы оқу орындарында отансүйгіштік, адамгершілікке бейімдеу пәндері өте жақсы тыңғылықты ұйымдастырылған. Олардың бір артықшылықтары оларда тек өздерінің тілдерінде сөйлеп, білім саласында осылай көрінуде. Ал жапон халқы балаларын 3 жастан бастап жаңалық ашуға бейімдейтін үйірмелерге апарады. Сонымен қатар, жапон мемлекетінде тек 12 жастан бастап қана басқа тіл үйреніп оқуға, оған дейін олар өздерінің ана тілдерін еркін меңгеруге тәрбиеленеді. Олар балаларына жат елдің тың идеяларын ұрлап, оны өз елінің игілігіне пайдалануға тәрбиелейді. Ал біздің елімізде білім саласы жұтаң емес.
Елбасымыздың әр жолдауында үштілділік жайлы жиі айтылып кетеді. Өзінің кезекті жолдауының бірінде Президентіміздің “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.[1] Осыған орай еліміздің бірқатар білім бағдарламаларында ағылшын тілі еңгізіліп, балабақшадан бастап үштілділікке баулуға баса назар аударылыуда. Бұл біздің білім саласындағы жаңашылдылыққа бетбұрыс. Осылайша дүниежүзі елдерінің озық технологиясын меңгеріп, Елбасының жаңа жаһандық бетбұрысының биік белесіне жететініміз анық. Әрине, әр көтерілген мәселенің оң және теріс жағы болады, әр тұлғаның өзіндік жеке пікірі болады, бірақ анау айтты, мынау айтты деген негізсіз, дәлелсіз күдіктен арылып, бой көтеріп отырған мәселенің маңыздылығының қаншалықты қажет дәрежеде екенін айқындап, нақты зерттеп алғанымыз жөн сияқты.
Біздегі үштілділік саясаты озық білім үлгісінің бір көрінісі. Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс жүзінде жүзеге асыру керек пе?! Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатырмыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.
Үштілділік бағдарламасы бойынша қазақ тілі соның көленкесінде қалып қояды деген үрейдің барын жоққа шығара алмаймыз. Тіл мәселесі жайында Г. Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара байланысты анықтап мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде тілдің ерекшелігін былайша көрсетеді: тіл–этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін, ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз қазіргі заманға сай келбетін таныту. Яғни тіл өз құндылығын жоғалтпайды тек басқа тіл аясында оның маңыздылығы одан сайын айқындалады[2]. Үштілділік ол біздің басқа елдерден білім саласында жасап отырған артықшылығымыз. Бүгінде үштілділік аясында еліміздің жоғарғы оқу орындарында мұғалімдерге ағылшын тілін оқыту жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Түрлі тіл үйрену курстары ақысыз түрде жүргізіліп жатқандары да бар. Соның дәлелі ретінде Қарағанды Экономикалық Университеті жанынан ашылған көптілділік орталығын айтуға болады. Университетте сабақ беретін оқытушылардың шет тілі бойынша деңгейлерін анықтап, сол бойынша топтарға бөліп, аптасына 2-3 рет ағылшын тілі сабақтары жүргізілуде.
Еліміздің кейбір зиялы қауым мүшелері үштілділікке күмәнмен қараған. Ол жүзеге аспайтын құбылыс деп те түйіндегендер бар. Солардың бірқатарын мысалға алатын болсақ. Қабдеш Жұмаділов жазушы: «Маған біздің билік, біздің мемлекет қазақ ұлтын жоюдың жоспарлы саясатын жүргізіп жатқандай әсер етеді. Ұлтты құртудың бірнеше тетігі бар. Соның бірі – жер. Жерінен айырылған ұлт өздігінен жойылады. Екінші тетік – тіл. Ғасыр басында «Тілі жоғалған жұрттын өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов бекер айтпаған» деп ол кісі сөзін қорытындылайды. Бірақ елбасымыз бұл жобадан қорқатын еш себеп жоқ, себебі заман талабы соны талап етіп жатқанын қадап айтқан болатын. Иә, расында заман талабына сай мемлекет болу үшін алдыңа қояр мақсатымыз айқын болары шарт. Елбасымыз «2050-жылы 30 экономикасы дамыған мемлекеттің қатарына кіру үшін тіл мәселесіне назар аударуымыз шарт. Білім саласындағы ең озық технология ол тіл. Себебі, «бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың» деп бұрынғы ата-бабамыз бекер айтпаған. Біз жаңашылдықтан қорықпауымыз керек. Жаңа технология заманы болғандықтан оны ұтымды пайдаланатын жақты іздестіруіміз керек» дейді.
Еліміздегі 10-11-ші сыныптарда өткізілетін тесттік жүйе өкінішке орай аландатушылық туғызып отыр. Себебі тесттік жүйеге құмар оқушылар өз ойын еркің жеткізуден, сөйлеуден қашқақтайды. Тіпті сол тесттің кесірінен тіл үйренуге де шамалары келмей жатады. Бұл да аландатушылық тудырып, аз да болсын үштілділікке кедергі келтіріп жатқаны да бар. Осындай проблемалар үштілділік процесінің жүзеге асуына кері әсер етіп отыр.
Тілдің көсегесін көгерте отырып, өзіміздің кісілігімізді танытамыз. «Тіл ортақ мұратқа ұйыстырады, ұлтжандылық деген жауапкершілікті ұштайды. Тілге деген сүйіспеншілік – талапсыздықты таптау, дәйекті ізденісті баптау. Ендігі тілді дамыту – үміт пен ізденісті нақтылы әрекетке ұластыру, халықтық қозғалыспен ұштастыру» [3].
Бірақ үштілділік жайлы түрлі көзқарастар әлі де болсын ел назарында. Бірі, Қазақ қоғамында «үштілділік» мутациясының себеп-салдары мен одан қалай құтыламыз және одан пайда болған клондармен не істейміз деген сұрақтар мазалауда?! Қазақстандағы үштілділік – ол ғылым мен педагогикаға емес, саяси этикетке негізделген анахронизм! Себебі, саяси этикеттің қауіптілігі – онда «сатушы да, сатып алушы да алданады» яғни оны ендіріп отырған билік те, оқушы да алданады. Тілі, тарихы, жері жоқ ұлт та, мемлекет те болмайды! Бұл бағдарламаның мақсаты ұлттық мемлекеттің тамырына балта шабу. Егер оған қол жеткізсе, оның артында біржынысты отбасыларын заңдастыру қалады. Бүгінгі елдегі лаңкестердің экстремистік секталары да осылай заңдастырылған деп зиялы қауым өкілдері түбегейлі өз наразылықтарын білдіруде.
Біздің білім беру жүйеміз шетелдіктермен теңесіп келе жатқанына күннен күнге көзіміз жетуде. Олай деуіміздің де себебі бар. Мысалы, шетелде білім беру технологиясында балаларға тәрбие берілмейді, ал бізде біліммен қатар тәрбие бірге жүреді. Кешегі Әл-Фараби атамыз айтпақшы «тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы». Иә, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінде осы жаңа технологияның, үштілділіктің биік деңгейге көтерілгенін жыл сайынғы болашақ бағдарламасы арқылы шетелге барып тәжірибесін жан-жақты шындап келетін жастарымыздан көруге болады. Ағылшын тілі – жаңа мүмкіндіктерге жол ашар есік. Үштілділікті үрейлі кейіпте елестететін кейбір ағаларымыз «мұны ең соңғы өлу деп те қорқатындығын» жасырмайды. Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Мәселен, М. Әуезовтың «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік?! Жаңа өзгерістерге, бәсекеге қабілетті ел болу үшін қорықпай қадам басуымыз керек. Қазақ тілі үштілділіктің әсерінен өз маңыздылығын жоғалтпайды. Себебі, қазақ тілі өзінің байлығымен, құндылығымен әлем назарын өзіне қаратқан. Оған дәлел Махамбет Өтемісұлының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде дүбірлетіп атап өтілді. Сол кезде барлық өлеңдері аударылып, басқа халыққа Махамбеттің жалынды өлеңдері таныстырылған, тек бір өлеңін барлық тіл мамандары келіп аудара алмапты. Ол «Арқаның қызыл изені»
Түбі күрдік, түб арал
Қыдыршалар арманы,
Еліңде қарияң болмаса
Жастарын болмас диуана
Бір сынаған жаманды, екінші қайта сынама.
Тіршілікте араласпаған ағайын, өлгенде бекер жыласпа,
Құм құйылсын көзіңе, – деген өленің тіл мамандары, мықты-мықты деген тілмаштар аудара алмай, қадірлеп қазақ тілінде жазып қабырғаға іліп қойған. Міне осыдан кейін қазақ тілі құрдымға кетіп, өз құндылығын жоғалтат деген қорқынышты ойдан арылып іске көшкен жөн. Біздің ойымызша, білім саласындағы үштілділік ол үлкен мүмкіндіктер мен жаңалықтарға жол ашады. Елбасымыз тағы бір жолдауында білім саласындағы үштілділік жайлы «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» – деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз дегені. Көптеген қоғам қайраткерлерінің пікірлерін де жоққа шығара алмаймыз. Керісінше, айтылған пікірлердің де дұрыс бағытқа жол сілтеп жатқанына күмән жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Елбасының 2015-жылғы халыққа жолдауынан http://www.akorda.kz
2. Каз. совет энциклопедия. – 1977 г. – т.10. – 157 с.
3. Лотман Ю.М. Внутри мысляшихся миров человек – текст – семиосфера история. – М., 1996. – 446 с.
Отправлено из мобильной Почты Mail.Ru
Отправлено из мобильной Почты Mail.Ru