Білім керек, бірақ.......
блог
Білім де керек, бірақ.......
Телеарналардың бірінен қарттар үйіндегі қарияларды көрсетті. Ақ жаулықты аналарды көріп, жүрегім езілді.“Балаларым білім соңында жүр. Шетелде тұрады.
Уақыты жоқ. Апта сайын келіп тұрады”-деді бір әжей.Баласы тастап кетсе де , жамандыққа қимайды. Әрине, білім алған дұрыс қой. Бірақ баласы үшін барын беруге дайын асыл ананың көңілі ше?Біз осыны ойладық па?
Ата-ана әрбірден былай біздерге қымбат қой. Сіздер тамақты, киімді, басқа да дүниені сатып аласыздар. Дегенменде ата-ананы сатып алалмайсыздар. Ол сіздерді қанатына басып талмай өсірді, үлкен өмірге қанат бітіріп ұшырды. Олай болса, анамыздың, әкеміздің қәдірін түсініп, мейлінше бағалайықшы! Қарттар үйіне тастап кете баруды азайтайық.
Менің сіздерден өтінерім асыл , қымбат анамызды өз алақанымызда ұстап, бар мейірімізді төгейік!