«Білім берудегі біліксіздік»

Құлтас Досанның «Білім берудегі біліксіздік» атты мақаласымен таныстым. Мақала

 жанры талдамалы, толық қанды және өте көлемді. Көтерілген мәселелер өте орынды, дәйекті. Бірнеше- «Білім берудегі білместік», «Қымбатшылық қамыты», «Сапасыздық сергелдеңі», «Ұстаздық еткен жалықты», «Жұмысы жоқтық», «Қирату құралы» атты күрделі бөлімдерге жіктелген. Автордың сөз саптауына қанағаттануға әбден болады.

« Бүгіннің өткір алдаспаны – терең ілім мен сапалы білім. Есігімізден кіріп, төрімізге таласқан батыс мәдениетінің басымдық «өркөкіректігін» те­жеудің жалғыз жолы – ұлттық тәрбиені күшейту. Кітап­хананың орнын – ин­тер­неттер, кітаптың орнын – планшеттер басты. Рухани жалаңаштық – ұлтымыздың келешегіне төнген қауіп. Жемқорлық – елімізді әлемдік өркениеттен қалыс қал­дыратын қасіретті тұсау.
…Кеудесі бос, жігері жасық, рухы уланған, болмысы жұл­маланған, ата-анасын тың­да­майтын, ұстазы мен үлкенді сый­ламайтын, ана тілін қадірле­мейтін, ұлтының тарихын еле­мей­тін ұрпақ – білімі аз, білігі кем, кісілігі кедей, сауаты төмен, ұс­таздық етуден жалыққан мұға­лімнің жұмысының нәтижесі » ,
мынадай керемет сауатты тіркестер мақаланы тіптен көркейтіп жіберген.

Өз сөзіне дәлел ретінде парламенттік отырыстардағы айтылған сөздерді қыстыра кеткен.

«Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның: «Суицидтің себебі – ҰБТ» деп батыл мәлімдеуі елді ерекше елең еткізді… Дариға Нұрсұлтанқызы таяуда тағы да бір халықтың сөзін сөйлеп, ҰБТ-ға қатыса ма, әлде емтихан тапсыра ма, талапкердің таңдауына қалдыру керек деп мәлімдеді.

 Мәжіліс депутаты Дари­ға Назарбаева мектептерде бірне­ше пәндердің бірін-бірі қайта­лауы балалардың еркін білім алуы­на айрықша ауырлық ететінді­гін сынға ала келіп: «Жекемен­шік баспалар оқулықтар әзірлеумен айналысып, оларды өздері басып шығаратын үрдісті тоқтату керек. Бұл – жемқорлыққа апаратын тура жол» – деп, атап өтті.

Елбасымыз әділ атап өткендей, керексіз қағаздар көшіріп, қажетсіз ережелерді қардай боратқан «макулатура тауына» ұқсайды.

Мақаладан зерттеу жұмысын байқауға болады.

Соңғы жылдары қазақ то­пы­рағындағы Ұлттық Бірыңғай тестілеу – 15-пен 19 жас арасын­дағы 100 жастың ішіндегі 12-сінің өз-өзіне қол жұмсайтын ажал алаңына айналды. 2009 жылы 209 жасөспірім көз жұмса, 2010 жылы олардың саны 237-ге жетті.

Сыйақы мөлшерлерінің пайызы тілге тиек етуге де тұрмайды. Нәтижесінде салымшының сал­ған қаражаты – 60 пайыз, бан­кінің сыйақасы – 23 пайыз, мем­лекеттің үлесі – 17 пайыз болады, яғни, мемлекеттің көмегі жалпы қордың небәрі 15-20 пайызын ғана құрайды екен.

Бүгінде әлемдегі №1 тілге айналған – ағылшын тілі сөз­дігінде 1 миллионға жақын, ал, орыс тілінде 250 мыңға жуық сөз бар екен.

Яғни мұнда зерттеу, сараптама бар, статистикаға жүгінген.

Енді мақаланың кемшіліктеріне келсек, журналистің өзіндік пайымы, ойы байқалады. Заң бойынша журналист өз ойын білдірмей, керісінше барды көрсетіп, ақиқатын ортаға салып халыққа ой тастап қорытындыны әркім өзі шығаруы қажет етін. Мысалы:

 Жылына қазақтың орта мектептерінен, лицейлерінен, гимназияларынан, колледждері мен жоғарғы оқу орындарынан түлеп-ұшқан жастардың басым бөлігі қайраңда қалған ескексіз қайықтай «қаңы­рап», бағыт-бағ­дарсыз абдырап жүр.

Қазір қазақтың жасының жоғарғы оқу орынына түсу құқы оңбай бұзылған. «Ауызы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» дейтін әділетсіздік дәп осы жерде салтанат құрған. Ақшасы барлар оқиды, қаражаты жоқтарға есік тарс жабық.

Арманынан адасып, амалсыздықтан ала жіптің құ­рығына түсіп, жас өмірімен қош­тасып жатқан өрімдей жас­тардың тағдырына куә болған білім сала­сының нән шенеуніктері міз бағар емес. Өзінің қу құлқыны мен «наны мол» орынтағын сақтап қалу үшін шенеунік біткен әлгі шарасыздан құрбан болған жас-мәжнүндерді «маскүнемдер» немесе «нашақорлар» деп күста­налаудан да тайынбайды.

Оқулықтың сапасы былай тұрсын, жалпы білім берудің, ұрпақты тәрбиелеудің басты қате-кемшілігі – министр­ліктің құр сөз, жалаң жарнамалық «қызметтерінде» жатыр.

Жас өркеннің тәр­биесі тым жүйесіз, әсіре-әлсіз. Сақал қойған жас жігіттен ізгілік пен игілік емес, «лаңкестік ізде­рін» іздеуге құмармыз; орамалды бойжеткеннен имандылық пен ибалық емес, «ескілік сарынын» сарыла тіміскілейміз…

Осыған қоса жалпыламалықты байқауға болады:

Жыл сайын жаз мезгілінде жоғарғы және орта оқу орындары: «Материалдық базамыз мықты, академиктер мен ғылым докторлары дәріс береді, шетелдік беделді оқу орындарымен серіктеспіз, бізде оқып, диплом алғандардың біреуі де жұмыссыз қалмайды» деп, өтірік жарнама, жалған ақпарат береді.

…Бүгінде жалғыз ҚазҰУ ғана емес, республиканың бүкіл білім саласын ешкім шыға алмайтын «жемқорлық» шырмауығы шырмады. Балабақшаға сәби орналас­тыру үшін – пара бересің, мектепте балаңа тәуір баға керек десең – паралайсың, жеткіншек кол­леджге бармай-ақ, жоғарғы оқу орнына қажетті баллдар жи­нағысы келсе – параға жүгі­несің, жоғарғы оқу орнының әр емтиханы мен «зачетінің» өз құны бар, магистратураға тегін түсуді армандамай-ақ қой. Жоғарғы оқудағы мемлекеттік гранттардың, демеушілік қорлардың, рек­тордың гранттарының паралық тарифтері белгіленіп қойған. Оқу озатына да, қоғамдық бел­сендіге де ешкім пысқырып қа­ра­майды. Адал оқығанмен – грант­тан дәмеленбесең де болады, әділ­дік қуғаныңмен – ешқашан жеткізбейді…

Әрине, автордың өз бір білгені болар. Бірақ, менің топтастарымның біразы жақсы оқығанының жемісі ретінде ақылы бөлімнен тегін бөлімге, президент шәкіртақысына қол жеткізгендер бар. Көпке топырақ шашпаған абзал, біздің факультетте студенттің баға үшін ақша тықпалап,немесе ұстаздың пара алып жатқанын көрген емеспін, өз басым. Сол себепті авторға жалпыламалыққа салынбауды сұраймын.

Міне, бұл менің мақала оқу барыысында түйгенім мен білгенім!



Бөлісу: