Білім беру — педагогикалық үрдіс (процесс)
блог
Білім беру үрдісі — оқыту процесі және оның нәтижесі ретінде оқушыларда белгілі бір білім, білік, дағдылар мен табиғат және қоғамдық өмірге мәмілесін қалыптастырудың өзара тығыз байланыста дамуын білдіреді. Білім
беру — бүкіл өмір бойы, білім жүйесін өзгерту, дамыту және жетілдіру үрдісіне болған мәмілесі; білім беру — өмір жағдайларының өзгеруіне, ғылыми-техникалық прогреске байланысты үздіксіз және үнемі жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерудің үнемі жетіліп, алға қарай жылжып отыратын абсолютті формасы; білім беру — тұлғаны рухани және дене жағынан тұтас қалыптастыру, әлеуметтендіру үрдісі; білім беру — тұлғаны тарихи айқындалған, қоғамдық санада әлеуметтік эталон ретінде көрінген белгілі бір мұрат бейнелерге саналы бағдарлау.