Сәлеметсіз бе, өзіңізді таныстырып кетсеңіз?
Мен №16 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бейбітнұр Ермағанбетова.
Сіз осы мектепте неше жыл бойы жұмыс істеп келе жатырсыз?
Мектепте жұмыс істегеніме 5 жыл болды. Ал, жалпы өтілім 30 жыл.
Педагогикалық шеберлігіңізге қандай талаптар қойылады?
Қазіргі кезде заманның талғамына байланысты бәсекеге қатысты оқушыларды тәрбиелеу мақсатында, бізге осындай міндеттер қойылады. Алдымыздағы міндет өз ойларын жеткізе алатын оқушыларды дайындауымыз керек, және берілген материалдарды қамтып, көбірек материалдар әкелетін жан-жақты оқушы әзірлеуіміз біздің мақсатымыз.
Сіздің және оқушыларыңыздың арасындағы қарым-қатынасыңыз қандай?
Енді қарым-қатынас оқушыларға байланысты әр түрлі болады. Бірақ, соның ішінде оқушылардың көңіл-күйін түсірмейтін жақтарын таңдаймын.
Мысалыға, мұғалім мен оқушылар арасында кездесетін наразылықтар мен керіс-жанжалдар болып тұрады. Осындай ситуациядан қалай шығып кетесіз және де баланы ренжітпеу үшін не істейсіз?
Мен енді өзім кезінде мұғалім болам деп едім. Мақсат қойғанда осындай бір оқиға болып, мені бір әділетсіз мұғалім жазалаған болатын. Сонда өзіме әділетті мұғалім боламын деп уәде бердім. Қазір де өз мақсатыма жетіп, қай ситуация болмасын, қай мәселе болмасын әділетті шешуге, оқушылардың барлығын қатыстырып, олардың көзінше осы мәселеге байланысты жауабын табамын.
Соңғы сұрағым, өз біліктілігіңізді жоғарлату үшін қандай курстарға барып жүресіз?
Өз біліктілігімді жоғарлату жағдайында мектептен 2 апталық курстарға, ол міндетті түрде, одан кейін ақысы төленетін курстарға барып, өзіміздің білімімізді, біліктілігімізді жоғарлатуға жағдай жасаймыз.
Сұқбатыңызға көп рақмет!
Рақмет!
Сұқбаттасқан Айдана Ақтанқызы