Мұхтар Холдорбеков
Kazinform.kz фототілшісі
Сұрақ: Өмірде ұстанатын үш қағидаңыз қандай?
“Енді біріншісі шындық, сосын адалдық, бастысы еңбек ету. Өзім осы универде жүргеннен кейін еңбекті жақсы көрем. Тіл білу керек, ол міндетті түрде. Тіл білсеңіз талай биік шыңдарды бағындырасыз. Өзің қалаған жұмысты істеу қажет. Бұл да өте маңызды. Фото-журналистикасың таңдаған себебім, суретке түсіргенді өте қатты ұнатамын. Сол себептен осы мамандыққа түстім” дейді, Мұхатр Холдорбаев.
Шүкір Шахай
ҚР Премьер-министрінің фототілшісі
Сұрақ: фото-журналист болуыңызға не түрткі болды?
“Былай бастайын, 8-сынып оқып жүрген кезімде, сурет түсіруді үйрене бастадым. Айыпхан деген сыныптасым бар еді.Сонын ағасы смена зинит деген фотоаппараты бар еді сонымен түсіретін, сол кісіден көріп қызықтым. Үлкен ағаларымыздың суреттерін көріп қызықтым. Міне осылай фотоға деген қызушылығым басталды. Сөйтіп бірінші сыныптастарымды түсірдім. Қыз бен жігіт бір-біріне хат жазады ғой, сонда маған түрлі өтініш түсетін еді. Өздері жүрекше жасайтын, содан соң жартсына қызды жартысына ұлды шығаратынмын. Солай шығарып беретін едім. Солай жүрдім да бір күні, ауылда бір аудандық газетке түседі да, яғни сол суретті сол газетке жай жібере салға,ол шықты. Қуанғанымды көрсеңіз ғой, газетке шығып тұрмын аудандық. Төменгі тұсында аты-жөнім жазылып тұр. Менің шын куәлігімдегі аты-жөнім Шүкірәлі Өмірәлі Шақаев болатын. Содан басталды. деп, өзінің қызықты оқиғасын баяндап берді.
Мейірбек Тажкуранов
«Жастар live» фототілшісі
Сұрақ: Сіз “бостандық” деген сөзді қалай түсіңесіз?!
“ Бостандық” деген сөз былайшы айтқанда үлкен мағынаны ұғындырады. Жалпы бостандық деген бұл, менің ойымша әрбір адамның, барлығы бір- бірімен әділ өмір сүруі. Ешқандай шектеулерсіз, бұл жерде материалдық шектеу дейміз т.б шектеулерсіз,әрбір адам өзіндік өмірмен сүру деп ойлаймын” деп , жас буынға қысқа әрі нақты жауап берді.
Доған Йылдыз
Kazakhnews.kz фототілшісі
Сұрақ: Біріншіден сұрап білуді білу керек. Ұялмай ол басқа әңгіме. Бірақ сұрай білу деген не нәрсе?! Демек, сіз үйренуге дайынсыз. Біреуден оны сұрап ол қасиетті тарта білу. Мысалы, бір затты білмесеніз, оны кім жақсы біледі, онда ұялмай сұрап оны үйрене білу. Өзіңе, заманға сай дайындалу. Қазір заманымыз өте дамыған тез өзгеретін уақыт. Осы қарқыннан қалмау қажет. Жаңа технологияларға, жаңалықтарға, бәріне ашық болу керек. Енді қазақ журналистикасы болсын, басқа журналистика болсын қай елде болсын. Мысалы , қазір көп жастар компьютерді тере алмайды. Диктафон болу керек. Қазір уақыт олай емесқой. Қазіргі жылдамдық, мобильдік уақыт болғандықтан сіз ақпаратты жарыс ретінде тез үлгеріп тез беруіңіз керек. Болмаса ақпарат 1сағаттан кейін өліп қалады. Сосын оны шығарудың пайдасы жоқ қой. Ол үшін заманға сай өзіне дайындап,қазіргі заман ерекшелітеріне сай өзінің, керек болса курсқа барсын. Білмеймін, енді уақытын бөліп жақсы дүниелерді үйренсе жақсы болады. Бастысы жан-жақтылық. Суретті түсірсін, видеоны монтаждасын, ақпаратты барып алсын, сұқбат тажасасын. Ал болмаса, мен тек сұқбат алам, сен фото таспала деуге болмайды. Қорыта айтқанда, конвергентті кәсіп иесі болу керек” деп, Доған Йылдыз өз сөзін аяқтады.
Ерболат Шадрахов
National Geographic
Сұрақ: Қазақ журналистері жайлы ойыңыз қандай? Яғни , қазіргі жас журналистер жайлы пікіріңіз…
Қазіргі жас буын жақсы. Бізде қазір бұрынғыға қарағанда интернет өте жақсы дамып жатыр. Өте тез әрі жылдам мәлімет алуға болады. Деркезінде ақпаратты шығаруға болады.
Енді қазіргі жастарға, фото-тілшілерге өте ыңғайлы мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл өте тиімді баспалдақтар. Енді келешекте бір, өзіңізді дамыта беруініз керек. Тіл білуіңіз керек” деп, өз ойын тәмамдады.
Ерболат Шажраханов.